Description
Accreditation
Announcement
Video
Photo gallery
Media content for accredited
News archive
EXPO map

Media Center / Announcement / Empty title

АҢДАТПА

 

2017 жылы 9 маусымда ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

 

Іс-шара Мемлекет басшыларының Көрме орталық экспозициясы - Сфераның (Нұр Әлем) Қазақстан павильонына келуінен басталады. Мемлекет басшылары Көрмені аралып, Қазақстан экспозицияларын тамашалайтын болады. Әрі қарай Мемлекет басшылары Көрме аумағы мен қатысушы елдердің павильондарымен танысатын болады. ЭКСПО-2017 Көрмесінің Ресми ашылу рәсімі Конгресс-Орталығында өтеді және Амфитеатрдағы концерттік бағдарламамен жалғасатын болады. Іс-шара аяқталғаннан кейін көрермендер Сферадағы проекциялық лазерлі шоуды және таңғажайып фейерверкті тамашалайды.

 

Көрсетілім барлық республикалық арналар бойынша тікелей эфирде жүретін болады. Сонымен қатар Медиа Орталығында түсірілімнің 60 нүктесінен 4 ЖТС-нан сигнал берілетін болады.

 

Медиа Орталығы БАҚ өкілдерін сағат 15.00-тен бастап күтеді. Есік сағат 18.00-де жабылады. Шетелден келген БАҚ өкілдерінің тексеру рәсімін ескере отырып, сіздерді сағат 15.00-ге таман келулеріңізді сұраймыз.

 

19:00 – Іс-шараның хаттама бөлігі (Көрме аумағы);

20:17 – Ресми бөлігі. ЭКСПО-2017 Көрмесінің Салтанатты ашылу рәсімі (Конгресс-Орталығы);

21:30 – Концерттік бағдарлама (Амфитеатр);

22:30 – Проекциялық лазерлі шоу (Сфера);

22:45-22:55 – Фейерверк.

 

КІРУ ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЕК АКРРЕДИТАЦИЯЛЫҚ БЕЙДЖДЕР БОЙЫНША ЖҮРГІЗІЛЕДІ


News

Our partners

ZERO.KZ  

Privacy Policy
                 Все права защищены.        2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017