-
Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

Ұйымдастырушы кеңсесі / ЭКСПО-2017 комиссары / ЭКСПО-2017-ге шетелдік қатысу бойынша жұмыс тобы

Комиссар қызметі ЭКСПО-2017 қатысушы мемлекеттерін тартуға ғана емес, сондай-ақ келушілердің санын арттыруға акценттеледі.

Көрмеге 5 миллионға жуық отандық және шетел туристерінің келуі күтілетіні мәлім.  

ҚР Премьер-министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы №17-22/И-381 тапсырмасымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017-ге шетелдік қатысу бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына мүдделі министрліктер мен ведомстволар басшыларының орынбасарлары кірді.  

Жұмыс тобы көрмені Астанада өткізуге дайындық, имидждік бірге жүру, отандық және шетелдік қонақтарды тарту, сондай-ақ олардың Қазақстанда болуын ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Қызмет көрсету сапасын жақсарту, Астана қаласы объектілерінің инфрақұрылымын дамыту (т/ж вокзалы, әуежай, автокөлік жолдары және т.б.) және табысты  шетел тәжірибесін қолдану мәселелері пысықталуда.

Жұмыс тобының кезекті отырысы 2013 жылғы желтоқсанда жоспарлануда.  


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017