48
KYН
Көрменің
 
Cипаттамасы
Іскерлік бағдарламасы

Конгресс-орталығы / Іскерлік бағдарламасы

ЭКСПО-2017 ашылуы
Өтетін мерзімі
10.06.2017
Өтетін орны
Өтетін мерзімі
12.07.-13.07. 2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Ғылыми конференция Назарбаев университетінің (Қазақстан) өткізілуімен өтеді. Студенттер – бүкіл дүние жүзінен келген делегаттар энергетикалық инновациялар саласы, жаңа технологиялар және зерттеу жобаларын талқылап, өз ойларымен бөліседі

Өтетін мерзімі
12.07. - 13.07.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Бұл бағдарлама Орталық Азия мемлекеттері мен тұтас өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін технологиялармен бөлісу, білім алмасу және қаржылық қолдау көрсету арқылы «жасыл» экономика өсімін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Өтетін мерзімі
17.07.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

ЦАРЭС энергетикалық секторы бойынша Үйлестіруші Комитетінің 23-нші отырысы.Отырыс мақсаты – электр энергиясының өңірлік саудасын ілгерілету және үйлестіру, су және энергетикалық ресурстарды басқару, басым жобалар үшін қаржыландыруды жұмылдыру, экологиялық таза энергетикалық технологияларды ілгерілету, әлеуеттің дамуы мен білімді басқару.

Өтетін мерзімі
18.07. - 19.07.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Форум нәтижесінде ЦАРЭС елдерінің энергетикалық жобаларды жоспарлау, қаржыландыру және жүзеге асыру саласындағы мемлекеттің және жеке сектордың өзара әрекеттесу жоспары жасалады.

«ӘЛЕМДІК КӨМІРТЕКСІЗ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ АТОМДЫҚ ЭНЕРГЕТИКАНЫҢ МАҢЫЗЫ» ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯСЫ
Өтетін мерзімі
18.07.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Энергетиканың болашағы баға қолжетімділігін, энергияның қауіпсіздігін және қоршаған ортаға минималды ықпал тигізуді қамтамасыз ететін төмен көміртекті технологиялардың теңгеріміне байланысты. Халықаралық сарапшылардың пайымынша, атомдық энергетика жылыжай шығарылымдарының азаюына негізгі ықпал тигізіп, сонымен бірге адамзаттың электр энергиясындағы өсіп жатқан қажеттіліктерін өтейді. Панельдік сессия Астанадағы бір алаңда атомдық энергетиканың әлемдік көшбасшылары мен экологиялық сарапшыларын ауа райының өзгеруімен күрестегі атомдық энергетиканың рөлін талқылау, тұрақты «жасыл» энергетиканы құру үшін біріктіріп, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде 17-23 шілдеде өткізілетін атомдық энергетика бойынша тақырыптық аптасын ашады.

"Аграрлық азық-түлік тізбектерінің дамуы: ауылдық үй шаруашылықтары мен тұқым шаруашылықтары" халықаралық семинары БҰҰ (ФАО)
Өтетін мерзімі
20.07.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Семинар қатысушыларына, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдеріне және өңірдің басқа да елдеріне, фермерлер, ауыл шаруашылық бірлестіктер мен ассоциациялар жетекшілері, академиялық қауымға, ұлттық және халықаралық сарапшыларға, БАҚ пен Көрменің қызығушылық танытқан қонақтарына Ресей Федерациясының бірнеше облысындағы фермерлер мен тұтынушылардың өзара әрекеттесуінің асығыс мысалдары арқылы қосымша құн буындарын құру тәжірибесін ұсыну. Қосымша потенциал мен ынтымақтастықтың жаңа салаларын анықтау; Қосымша құн буындарын құру және жетілдіру ұсыныстарын жасау.

Өтетін мерзімі
24.07. - 25.07.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Бесінші шарада тұрақты энергетиканың жалпыға бірдей қолжетімділігі сарапталып, жаңа мүмкіндіктер зерттеледі. Сала көшбасшылары халықаралық ынтымақтастық мүмкіндігі және технологиялармен алмасу үшін ынтымақтастық орнатып, жаңа үлгілерді жасайды.

Өтетін мерзімі
31.07. - 01.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

«Ақылды» қалалар біздің болашағамыз үшін шешуші маңызға ие болмақ, сондай-ақ олар кешенді шешімдерді: зияткерлік жүйелерді құрудан бастап, тұрақты архитектура мен жаңа қалалық жобалауға дейін, қалдықтарды басқару және кәдеге асыруды талап етеді.

"Қазақстан экспортын әртараптандыру: бұршақ дәнділер" семинары ФАО БҰҰДБ
Өтетін мерзімі
04.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Диалог қатысушыларына, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдеріне және өңірдің басқа да елдеріне, фермерлер, ауыл шаруашылық бірлестіктер мен ассоциациялар жетекшілері, академиялық қауымға, ұлттық және халықаралық сарапшыларға, БАҚ пен Көрменің қызығушылық танытқан қонақтарына Қазақстанның дәнді-бұршақты дақылдар экспортын кеңейту бойынша пікірталас алаңын ұсыну. «Қазақстандағы майлы және бұршақ дәнділер өндірісінің секторын талдау мен қосымша құн буындарының дамуы мен экспортты әртараптандыру» ФАО жобасының тәжірибесі негізге алынады. ЭКСПО-2017 аясында жобаны жүзеге асыру барысында алынған мінездемелер мен түйіндер ұсынылатын жоба шеңберіндегі қорытынды, есептік шарасы өткізіледі.

Өтетін мерзімі
08.08. - 09.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Қазіргі заманғы қоғамның дамуына септігін тигізетін негізгі факторлардың бірі электр қуатына қолжетімділік. Сондықтан бұл шарада болашақ энергетикалық шешімдердің көмегімен кедейлікті жеңудің жолы талқыланады. Біз жаңғыртылатын энергетикалық ресурстар негізіндегі автономды және модульді энергетикалық жүйелерге арналған шешімдер мүмкіндіктері туралы әңгімелейміз.

Өтетін мерзімі
10.08.- 11.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Бұл өнеркәсіптік зиянды заттардың шығарылуын азайту түйткілдерін шешуге бағытталған шара. Соңғы зерттеулерге жүгінсек, энергияның 70% отынның қазба түрлерінен өндіріледі, ал өнеркәсіптегі СО2 шығарылуы бүкіл әлемдегі СО2 шығарылу көлемінің 40% құрайды.

Өтетін мерзімі
14.08. - 15.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Энергиямен жабдықтау автономды жүйелерін құру, шеңберлік экономиканы енгізу және жаңғыртылатын энергия көздерін қолдану, әсіресе, дамып келе жатқан елдер үшін айтарлықтай мүмкіндік пен өсімді қамтамасыз етеді. Бұл біртұтас экономикалық құрылым, инновациялық өнімдер мен жобалар тұжырымдамасын құруды меңзейді.

Өтетін мерзімі
21.08.-22.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Ауа райының өзгеру түйткілін тиімді зерттеу мақсатында оныншы серияның тәсілі ашық әрі жасампаз болмақшы. Қатысушылар ортаға сөз сөйлеуге, өз ойларымен бөлісуге, әртүрлі сауалдар мен тәсілдерді талқылау және жасап шығару бойынша жауапкершілікті өздеріне артуға шақырылады.

Өтетін мерзімі
24.08.- 26.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

 

 

Өтетін мерзімі
28.08.-29.08.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты энергетиканы дамыту түйткілдерін шешуде жаңа саяси және экономикалық әріптестік қарым-қатынастар қажет. Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты энергетиканы дамыту салаларындағы мақсаттарға жету үшін халықаралық экономика қолайлы халықаралық ахуалды қамтамасыз етуі шарт.

«Болашақ энергиялық жүйелер» Халықаралық пленарлық сессиясы (Ресей)
Өтетін мерзімі
01.09.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Адамзаттың дамуы үшін энергетиканың ұзақмерзімді даму мәселелері өзекті болуда, қазірдің өзінде әлемдік энергетика құрылымындағы келешек өзгерістерді, интеграциялық электр жүйелерінің рөлін анықтау өте маңызды. Сессиялар барысында энергетикалық нарықтың негізгі ойыншы компанияларының жетекшілері біртұтас жалпыеуропалық энергетикалық нарық жобасының аясында жемісті бірігу тәжірибесін, сонымен қатар Каспий маңы мен Азия-Тынық мұхит өңіріндегі энергетикалық интеграция саласындағы бастамаларын ұсынады.

Өтетін мерзімі
04.09.- 05.09.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Қорытынды шарада Астана ЭКСПО-2017 шеңберіндегі диалог пен көрме қызметінің нәтижелері шығарылады. Қатысушылар экологиялық бағыттағы энергетиканың жаһандық дамуының ілгерідегі перспективалары және болашақ ұрпақтар үшін тұрақты энергетиканың үлгісін құруын талқылайды.

Өтетін мерзімі
07.09. - 08.09.2017
Өтетін орны
Конгресс Орталығы

Форум бағдарламасы әлемдік энергетикалық компаниялардың тұрақты энергия көздерін тиімді басқару; энергиялық ресурстарды өндіру, сақтау және қолдануды бақылау; энергия көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету; ауа райының өзгеруі мен көмірқышқыл газының шығарылуының азаюы; баламалы энергия көздерін қолдануды ынталандыру; энергиялық тиімділік бағдарламаларын енгізуге және т.б. байланысты сауалдар мен түйткілдерді талқылауға бағытталады.

Көрме жабылуының ресми салтанаты
Өтетін мерзімі
10.09.2017
Өтетін орны

Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017