Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Австрия

«Австрия – Ақылмен, Жан-Тәнімен Және Бұлшықет Күшімен» Ұранды Австриялық Қатысу Экспо Көрмесінің «Болашақ Энергиясы» Атты Басты Тақырыбын Ойын Үлгісінде Көрсетеді.

Австрия Көрменің Халықаралық Секторында Аумағы 870м² Құрайтын Павильонында Ұсынылады. «Bwm» Архитекторлары Мен Сценограф Юлия Ландзидль Жобасы Екі Кезеңнен Тұратын Дизайнерлер Байқауында Бүкіл Еуропадан Келген Үміткерлердің Арасынан Жеңіп Шығады.

Павильонның Әсерлі Бөлігі «Austrian Power Machine» (Австриялық Күш Машинасы) Болып Табылады. Келушілер Ойын Түрінде Әртүрлі Құрылғылар Мен Механизмдердің Арқасында Энергияны Байқап Көреді. Құрылғылар Іс Жүзінде Әр Келушінің Мүмкіндігі Мен Қабілетін Көрсетіп, Осылайша Энергияға Ұқыпты Қарауды Қалыптастырады. Осындай „Low Tech Meets High Tech“ Сахналау Әралуан Келушілердің Назарын Өзіне Аудартып, Австрияның Инновациялары, Ноу-Хау Технологиялары Және Өнеріне Тәнті Етіп, Елді Шығамашылық Тұрғыдан Бейнелейді.

 

Жобаның Сипаттамасынан Алынған Дәйексөз:

«Көрмеде Австриялық Павильон Ойын Түрінде Адам Энергиясының Шамасына Назар Аудартады. Энергия Көзі Ретінде Тек Қана Адам Бұлшықетінің Күші Қолданылып, Келушілерді Тартып Отырады.

Көрме Келушілері Аяқпен Тебу, Ұру, Тарту, Итеру, Басқышты Басу Арқылы Әртүрлі Поэзиялық, Көңілді, Танымдық, Жарқырайтын, Сыңғырлайтын Құрылғылар Мен Механизмдерді Қозғап Жібереді. Бірлескен Іс-Қимылдар Неғұрлым Көп Болса, Соғұрлым Австрия Дірілдей Түседі.

Көрме Келушілердің Бірлескен Әрекеттері Арқасында Ақылмен, Жан-Тәнімен Және Бұлшықет Күші Арқылы Энергиямен Қамтамасыз Етіледі. Осылайша, Австрия Туралы Көңілді, Идеяларға Бай, Жігерлі Түсінік Қалыптасады!»

 

«Австриялық Инновациялар Қабырғасы» Келушілерге Энергия Саласындағы Болашақ Мәселелерді Шешуге Үлес Қоса Алатын Жобалар Туралы Көбірек Білуге Көмектеседі. Жергілікті Және Австриялық Қызметкерлер Қонақтарды Қарсы Алып, Еріп Жүреді. Басты Тұжырымдама Павильон Қызметкерлерінің Киімінде Де Бейнеленеді. Веналық Жас Дизайнер Пиа Бауернбергер Ханым Қызметкерлер Үшін Арнайы Кербез Жинақтаманы – Ұлттық Киімнің Элементтері Бар Классикалық Униформаны Жасап Шығарды.

 

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017