Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Ұлыбритания

Тақырыбы – «Энергия – ол біз». ЭКСПО-2017 көрмесінде 1000 шаршы метрден астам аумақты алатын британдық павильон ең ірі павильондардың бірі болмақ. Оның қонақтарын өміріміз бен әлемді өзгертген үздік британдық инновациялар мен жаңалықтар әлемі күтуде. Павильонның шарықтау шегі - графен - энергияны өндіру мен тұтынуды түбегейлі өзгертетін болашақтың материалы.

ЭКСПО көрмесінің «Болашақ энергиясы» тақырыбына сай британдық павильонның дизайны энергияның пайда болуын зерттеп, сонау Ғаламның жаратылысын бейнелеп, қиялды таңғалдыратын саяхатты бастайды. Келушілерді энергияның күннен бастау алған қозғалысын, жер бетінде өзгеруін, алуан түрлі ауа райы жағдайлары мен адамзат өркениетін бақылауға шақырады. Павильонның ортасында озық компьютерлік технологиялар арқылы жасалып 360 градус бойынша шолуға болатын Ғаламның бірегей ландшафты орнатылған. Сондай-ақ бейне, озық технологиялар мен дыбыс және компьютерлік анимация арқылы келушілерге мультисенсорлы әсер сыйлайтын жарқырайтын құрылым орналасқан.

Павильон дизайнының авторы танымал британдық архитектор Асиф Хан. Өзіндік дыбыстық сүйемелдеу әйгілі музыкант Брайан Ино жазып шығарса, Эдинбург Университетінің профессоры Кэтрин Хэйманс Павильонның ғылыми контентін ойластыруда.

Ұлыбритания бірегей Павильоннан бөлек, ЭКСПО-2017 көрмесінде елдің кәсіпкерлікке ашықтығын, сондай-ақ энергетика, дизайн және озық технологиялар саласындағы бай тәжірибесін көрсететін іскерлік және мәдени шаралардың өршіл бағдарламасын ұсынады.

 

Грег Хэндс мырза, Ұлыбританияның Халықаралық сауда министрі:

«Ұлыбритания Шанхай (2010 ж.) мен Миланда (2015 ж.) өткен ЭКСПО көрмелерінде павильоны үшін марапатталғаны белгілі. Астанадағы ЭКСПО көрмесінде павильонымыздың дизайны британдық жасампаздық пен архитектуралық инновацияларының тағы бір керемет мысалы іспетті. Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуымыз Ұлыбританияның болашақ энергетикасың әртүрлі бағыттарындағы әсерлі мүмкіндіктерін паш етеді».

Асиф Хан, Ұлыбритания Павильонының дизайнері:

«Ғалам осыдан 13,8 млрд жыл бұрын пайда болған. Сол кезде бүкіл энергия мен материя бір нүктеде бір уақытта болатын. Дүниенің, соның ішінде жердегі өмірдің сол ежелгі энергиядан құралғаны туралы идея мені арбап әкетеді. Мен осы көзқарасты білдірудің амалын іздеп, энергияны меңгеру мен оны айналамыздағы кеңістікке таралуын зерттеуге бел будым».

 

Асиф Хан (Asif Khan) – ЭКСПО-2017 көрмесіндегі британдық павильонның дизайнері. Өзінің архитектуралық тәжірибесін 2007 жылы бастаған. Мақсаты – осы пәнді жаңа бағыттарда дамыту. Оның студиясы халықаралық жобалар бойынша, мәдени мекемелерден бастап, қарапайым үйлерге дейін, көрмелер мен әртүрлі инсталляциялар бойынша жұмыс істейді. Қазіргі жобалары арасында батыс Смитфилдтегі Лондон Мұражайы мен Дубайда өтетін ЭКСПО-2020 көрмесіндегі нысандарын айтуға болады. Танымал бұрынғы жобалары – 2014 жылғы Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарындағы «MegaFaces» Павильоны, 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарындағы Coca-Cola Beatbox Павильоны. Асиф Хан көптеген наградалардың иесі, соның ішінде «Инновациялар» санатында «Канны арыстандары» сыйлығының Гран-при иегері.@asif_can   

Брайан Ино (Brian Eno) – Павильонның музыкалық сүйемелдеуінің авторы. Алғаш рет Брайан қалың бұқараға 70 жылдардың басында Roxy Music – британдық музыкалық топтың негізін қалаушыларының бірі ретінде танылып, содан кейін бірнеше соло альбомдарын шығарған. Музыкадан бөлек, Ино шығармашылығына U2, Дэвид Боуи, Talking Heads, Coldplay және басқа да музыканттардың альбомдарындағы визуалды жұмыстарын жатқызуға болады. Жарық түсіру мен бейне эксперименттерін

Его визуальные эксперименты со светом и видео позволяют совмещать успешную музыкальную карьеру с многочисленными выставками по всей Европе, США, Японии и Австралии. Новый альбом Брайана Ино «Отражение» (“Reflection”) вышел в январе 2017 года. Одновременно с этим альбомом вышло специальное мобильное приложение, которое бесконечно переписывает музыку, делая данный альбом бесконечным, возможно первый раз в истории музыки. 

ЭКСПО-2017 көрмесінде Ұлыбритания Павильонының мердігер құрылыс компаниясы – Nussli  

Facebook: British Embassy in Kazakhstan 

Twitter: @UKPavilion2017 

Instagram: @ukinkz

Павильонның WEB-cайты

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017