Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Финляндия

Финляндия Павильоны

Астанадағы фин павильоны қаладағы ғимаратты немесе табиғи ландшафтағы қойтастарды еске салатын, жеке тұрған мүсіндік құрылым айналасында ұйымдастырылды. Ішкі көріністердің әрқайсысы қайталанбас әсерді туғызады, Финляндия , оның энергиясы мен болашағы туралы өзінің жеке бірден-бір тарихын әңгімелейді. Әңгіме қандай-да бір жеке тақырыпқа арналған, мысалы, суға, білімге, экологиялық таза технологияларға және тұрақты энергия өндірісіне.

Көрме павильонының негізгі міндеті адамдарда әуестікті тудыратын және оларда Финляндия туралы ақпаратты іздеуге себеп болатын шабыт, ұшқын, оның тәжірибесін зерделеу және энергетиканың дамыту келешегі туралы ойлану, интуитивтік және эмоциялық әсер ету болып табылады.

Келушілер павильон кеңістігіне кенеттен және серпінді тартылатын болады. Дыбыс пен дәмді қосқанда, әсер етудің барлық түрлері іске қосылатын болады. Дизайнды қабылдау павильонға технологиялар және табиғат туралы пікірсайыс үшін көрініс болуды рұқсат ете отырып, цифрлы және табиғи арасында ауытқиды.

 

Веб-сайт: http://expo2017.fi/kk/astana_ekspo-2017/fin_pavilony

 

 ФИНЛЯНДИЯ:

   Бүкіл әлемдік экономикалық форумда жарияланған, Йельск және Колумбийск университеттерінде Индекс экологиялық тиімділігіне (EPI)сәйкес 2016 жылғы ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ «ЖАСЫЛ» ЕЛ РЕЙТИНГІНДЕ 1-ші орын алды

   Бүкіл әлемдік экономикалық форумда ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы Есеп мәліметтері бойынша ИННОВАЦИЯ САЛАСЫНДА 2014-2015 жж. 1-ші ОРЫН алды

   Таза технологиялар инновациясының Ғаламдық индексіне сәйкес сияқты, жабайы табиғат (WWF) және Таза технологиялар тобының Cleantech Group)2013 жылғы Эко-инновация Индексі бойынша «ТАЗА ТЕХНОЛОГИЯЛАР» (CLEANTECH) САЛАСЫНДА 2-ші ОРЫН АЛДЫ

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017