Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Беларусь

ПАВИЛЬОН С4.2-1 (403ш.м)

«ЭКСПО-2017» тақырыбы Беларусь Республикасының 2020 жылға дейінгі Әлеуметтік-экономикалық тұрақты даму ұлттық стратегиясы қағидаларына, соның ішінде экономиканың табиғатты қорғау, ресурстарды үнемдеу, инновациялық түрлерінің дамуына көшу, табиғатты ұтымды пайдалану, яғни қалпына келтірілетін ресурстарды үнемді қолданып, ал жаңғыртылмайтын ресурстарды пайдалануды азайту, экожүйені сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында халықаралық ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестікті дамыту секілді қағидаларына етене жақын.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің алдына қойған мақсаты Беларусь Республикасының Энергетикалық қауіпсіздік тұжырымдамасына сай келеді. Бұл тұжырымдаманың негізгі бағыттарының арасында экономикалық және өндірістің энергетикалық тиімділігі мен энергияны тарату, тұтынушылар үшін отын-энергетикалық ресурстардың қолжетімділігі, негізгі сауда-экономикалық әріптестермен ынтымақтастықты орнату бағыттарының орны бөлек.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017