Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Германия

Үйлер мен балдыр энергиясы

EXPO 2017 көрмесіндегі Германия павильоны болашақ қаласына көз тастауға мүмкіндік туғызады

Қаланың болашақ өмірі қандай болмақ? Қандай көлікке мініп, қандай үйлерде тұратын боламыз? Осы және өзге де қуатпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты сауалдардың жауабын Астанада өтетін EXPO 2017 бүкіләлемдік көрмесіндеEnergy on Track («Энергия – дұрыс жолда») ұранымен жасалған Германия павильонының экспозициясынан табуға болады. «Болашақ энергиясы»тақырыбымен өтетін Бүкіләлемдік көрме 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Неміс павильонының «Болашақ қаласы» атауына ие болған экспозиция бөлімінде адамдардың күнделікті өміріне жаңа энергетикалық саясаттың ықпалы сөз етіледі. Көлік пен тұрғын үй салаларын жетілдіру мақсатында неміс өнеркәсібі мен ғылымы ұсынып отырған инновациялар мен шешімдер көрсетіледі. Экспозицияның бұл бөлімі екі немесе төрт дөңгелекті заманауи электромобильдер, тұтынудан гөрі, энергияны көбірек шығаратын «ақылды үйлер», және де энергияны алу үшін балдырға толтырылған қасбеттік панельдер жайында айтып береді. Сонымен қатар бұл тарауда қазба отынды қолданбай-ақ пластмасса өндірудің жаңа әдісі әңгімеленеді.

Электр көлігінің әлеуеті

Жаңғыртылатын энергия көздерінен қуат алатын электрлік тарту күшіне негізделген көліктер – ауа райына зиян келтірмейтін жаңа көлік түрін шығарудың кілті. Сондықтан Германия павильонының экспозициясында бұл тақырыпқа едәуір рөл берілген. Мұнда лимузин, «Е формуласының» жарыс автомобилі және екідөңгелекті электр жетекті көлік құралдары, сондай-ақ қазіргі заманғы қуаттандыру жүйелері көрсетіледі. Экспонаттар неміс өнеркәсіп мекемелері мен ғылыми ұйымдарының электр көлігін жасап шығаруға жан-жақты қатысып отыратындарына әрі осы технологияның әлеуетіне көңіл аудартады.

Тұтынудан гөрі, энергияны көбірек шығаратын «ақылды үйлер»

Құрылыс саласындағы парадигманың ауысқанын білдіретін, энергия тұтынудың жаңа «Тиімді үй плюс» (Effizienzhaus Plus) стандартына арналған экспонат сыртынан аударылған абстрактылы ғимарат болып көрінеді. Келушілер «Тиімді үй плюс» жаңа стандартына сай ғимараттың әрекет қағидасымен ішіне кіріп таныса алады.

Энергиялық тиімділікті қамтамасыз етудің құрамдас бөліктері – қоршау және жабу құрылымы мен тұрғын үйлердің тарихта алғаш рет энергияны тұтынудан гөрі, оны көбірек өндіруге мүмкіндік беретін фотогальваникалық құрылғы туралы суреттер мен мәтіндер әңгімелейді. Германияның үлкен картасында энергиялық тиімділіктің жаңа стандартына сай келетін толық сипаттамасы бар 35 астам үлгілі жобалар көрсетілген.

«Ақылды үй» энергия тұтынуды төмендетеді

Келуші есік арқылы кіре алатын SmartHome экспонаты толықтай дерлік жабық кеңістікте орналасқан. Бөлмедегі қабырғаларда үйдің интерьері мен сол жерге тән заттар – терезе, кіржуғыш машинасы, асүйдегі жиһаз бен мұздатқыш, кофе жасайтын машина, ойын-сауық электроникасы бар қонақжай графикалық коллажда бейнелген.

Келушілер электронды кілт арқылы жеке нысандарды іске қосып, SmartHome жүйесінің жылыту, жарықтандыру, жалюзи қозғалысы, т.б. басқару туралы біле алады. Сондай-ақ келушіге осындай басқаруға күнделікті кететін энергия шығыны белгілі болады.

Балдырдан алынатын энергия

«Болашақ қаласы» экспозициясының бірінші бөлімінде балдыр биореакторының үлгісі көрсетілген. Бұл жерде келушілер «тірі қасбеттер» туралы толығырақ біле алады. Гамбургте салынған балдырға толтырылған мөлдір қасбеттік панельдері бар ғимарат мысалында балдыр биореакторының жұмысы – балдырды ағынды сумен қамтамасыз етуден бастап, олардың фотосинтез нәтижесінде өсуі, күннің жылы энергиясының қолданысы мен көбік түріндегі балдырды жинап алуға дейінгі барысы түсіндіріледі. Осы жоғары сапалы биомасса тамақ өнеркәсібі мен косметика өндедірісінде де қолданылады.

Пластмасса мен көмірсутек диоксидінің өндірісі

«Болашақ қаласы» экспозициясында пластмасса өндірісіне төңкеріс әкелетін, әлі зерттеу үстіндегі, тағы бір футуристикалық технология ұсынылады. Power-to-X атауына ие болған әдіс, мұнай мен табиғи газды қолданбай-ақ, су мен CO2-ден пластмасса өндірісіне қажетті негізгі материалдарды алуға мүмкіндік береді. Машина үлгісіндегі экспонат келушілерге инновациялық технологияның жұмыс істеу қағидасын түсіндіретін кішігірім кіріспе сөзден кейін, өз бетінше бір ғана батырманы басу арқылы виртуалды кеңістікте кез келген фигураны, тіпті, футбол бутсасын жасауға мүміндік береді.

Павильонның WEB-cайты

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017