Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Иран

Экспозицияның идеясы Иранның ӨТКЕН ШАҚТАН ОСЫ ШАҚҚА жетелеген жолын көрсетуге негізделген. Бұл жол елдің тарихи тәжірибесін ескере отырып, жаңа технологиялар арқылы болашақ технологияға қарай қозғалысын бейнелейді.

Желмен ұшқан мата жатықтығы, қозғалыс грациясы – ннтерьер дизайнының эскизіне шабыт береді.

ИРАН: ӨТКЕН ШАҚ ПЕН ОСЫ ШАҚ

Сенсорлы экрандар арқылы Иранның өткен шағы мен осы шағы туралы мәліметтер ұсынылады. Сенсорлы экрандар өткен шақта су тұтынуын (жерасты су каналдары, шөлдегі бақ), жел энергиясын жасампаздықпен пайдалануын (жел мұнаралары мен жел диірмендері) және биомасса энергиясын, күн энергиясын тиімді қолдануын бейнелейді.

ИРАННЫҢ КЕШЕГІ КҮНІ МЕН БҮГІНГІ КҮНІ

Экспозицияның осы бөлімінде Иранның ауа райы мен түрлі табиғи ерекшеліктері көрсетілген Солтүстіктен Оңтүстікке дейінгі кең географиясы ұсынылады. Сондай-ақ энергетиканың әртүрлі секторларындағы жемісті прогресі: Иран теңіздерінің гидроэлектр энергиясын өндірудің әлеуеті, жел, күн энергиясының әлеуеттері көрсетіледі.

Экпозиция құрамында қойылымдар мен жанды музыкаға арналған сахна қарастырылған. Сахна үстінде орналасқан су линзасы су мен жарықты үлестіре отырып, теңіз аквариумын елестетеді. Бұл көріністер павильон еденінде де бейнеленеді.

БОЛАШАҒЫ

Иранның энергетикалық болашағы мен әлеуеті (табиғи, ресурстық, инвестициялық) туралы ақпарат.

Экспозицияның осы бөлімінде ұсынылатын материалға: энергетикалық ресурстарды оңтайлы қолдану және энергияны сақтаудың ирандық әдістері, жаңғыртылатын энергия көздерінің дамуы және инвестиция бойынша ирандық бағдарламасы кіреді.

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017