Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Латвия

Астана ЭКСПО 2017 көрмесіндегі Латвия павильоны

Латвия павильонының  «Энергия біздің табиғатымызда» идеясы екі мағынаны меңзейді: табиғат - біз өмір сүретін және қуат алатын орта. Сондай-ақ латвиялықтардың өздері де жігерлі әрі қайратты келеді: бұл біздің қанымызда, ішімізде, сондықтан бұл кейде сенгісіз дүниелерге қол жеткізуге көмектеседі. Біздің әңгімеміз Латвияның болашақ энергиясы, адамдары мен оқиғалары жайында және бізді осы халге жеткізген нәрселер туралы өрбімек. 

Латвия павильоны 365 шаршы метрді алып отыр. Ол тақырыптық аймақтарға бөлініп, асыл тастар түрінде, Латвияның классикалық символы - кәріптас түрінде безендірілген. 

Мұнда павильон қонақтары Латвияның өзіне келгендей, осы елді сезініп, көре және ести алады. Виртуалды шынайылық пен 360° бейнежазбасы арқылы  павильон қонақтары жеке өздеріне ойнап беретін маэстро Раймонд Паулсты кездестіріп, Латвияның астанасы Риганы көріп, Балтық теңізінің жағалауында кәріптасты іздеп, балалар ойын аймағында өз қамалын сала алады. 

Көрмедегі Латвия павильонының басты бағыттарының бірі -  транзит. Транзит аймағында Латвия Темір Жолы концерні, Ригалық Еркін порты және осы саланың өзге де латвиялық компаниялары Латвияның транзиттік бизнесінің жұмысын көрсетеді.  

Павильонның орталық экспонаты сутекті-электрлі локомотивтің макет-үлгісі - бұл әлемді өзгертетін жүк тасымалдау саласының инновациясы. Локомотив қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармайды және шу шығаруы мен тербелісі төмен. 

 

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017