Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Польша

Поляк экспозициясы ЭКСПО көрмесінің басты аллеясынан тікелей кіруге болатын орталық павильондардың бірінде орналасқан.

«Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің ұйымдастырушылары біздерге ұсынған жалпы аумағы 397,53 м2 құрайтын кеңістікті көрменің басты «Болашақ энергиясы» тақырыбына сай поляк интерпретациясы бойынша толтырып отырмыз. Оның мазмұны Польшаның көрмеге қатысудағы «Poland: creative people, smart Energy» ұранының жалғасы іспетті.

Поляк экспозициясының кеңістіктік құрастырылымы заманауи, мультимедиалық әдіспен, қоршаған ортаға қамқор бола отырып, елдің дәстүрлі энергетикалық шешімдері мен қазіргі заманғы технологиялық ойды үйлестіре білуін көрсетеді. Поляк тұсаукесерінде үш негізгі тақырып байланыстырылған: ревитализация, ағаш өсіру және таза көміртекті технолгиялар. Біз олардың әрқайсысында экспозицияның басты «Creative people, smart Energy» ұранына сәйкес еліміздің күш-қуатын айқындайтын ерекше, шығармашылық, тапқыр және еңбекқор адамдар туралы әңгімелейміз. Біздің пайымымызша, табиғат пен өнеркәсіп бір-біріне қайшы емес, ал табиғат байлығын ақылмен пайдалану поляк экономикасының негізін құрайды. Поляк экспозициясының аясында біз көмірді газдандырудың заманауи әдісін, яғни көгілдір көмірді, жарықты жұтатын инновациялық материалдар – перовскиттер, поляк ормандарының биологиялық әралуандығы мен ағаш өсіру технологияларын ұсынамыз. Экспозиция жасауда қолданып отырған материалдарымыз Польшаның энергетикалық секторының соңғы жетістіктері. Алғаш рет поляк экспозициясының бөлшегі ретінде Польша фирмалары ұсынып отырған технологиялық шешімдерінің тұсаукесерлері өтпек.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017