48
KYН
Көрменің
 
Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Аккредитация

 Құрметті БАҚ өкілдері!

20 наурызда "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне БАҚ-ның аккредитациялауын бастады. Аккредитация осы жылдың 9 қыркүйегіне дейін жалғасады. Аккредитация "Астана ЭКСПО-2017" шаралары туралы көрме кезінде және көрмеге дейінгі уақытта ақпарат тарату мүмкіндігін алу, ақпараттық хабарламаларды алып отыру, Көрме территориясында және жуырда ашылатын Медиа-Орталықта жұмыс істеу үшін қажет. БАҚ аккредитациялау тәртібі келесідей: 

1. Қазақстандық БАҚ үшін төменде берілген Word түріндегі аккредитациялық құжат нысанын жүктеп алып, толтырып,талап етілетін құжаттарды қоса мына мекенжайға: accr.media@expo2017astana.com жіберу қажет.

Word түріндегі аккредитациялық құжат  Жүктеу


2. Шетелдік БАҚ үшін PDF форматындағы ҚР СІМ құжат нысанын (шетелдік БАҚ өкілдерінің сұраным беру тәртібін жеңілдету үшін ҚР СІМ ұсынысы бойынша ұлттық компанияның қызметкері қабылдайды) толтырып, талап етілетін құжаттарды мына мекенжайға:  accr.media@expo2017astana.com қоса жіберу керек.

PDF форматындағы ҚР СІМ құжат    Жүктеу
Құжаттың дұрыс бейнеленуі үшін браузерге арналған ұлғайтуды жүктеп алыңыз:  https://get.adobe.com/ru/reader/  

Аккредитацияға сұранымды беру үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • БАҚ жетекшілігінен журналисті аккредитациялау туралы хат (бүкіл басылымнан бір тізім);
  • Толтырылған аккредитациялық құжат нысаны;
  • gif, jpg және png форматындағы 3×4 түрлі-түсті фотосурет (Фотосуретке қойылатын талаптар - жүктеу
  • Шетелдік төлқұжаттың немесе ҚР жеке куәліктің (тек қана Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) сканерден өткізілген көшірмесі PDF үлгісінде және бір бетте орналастыру.

Сұранымды жібергеннен кейін және, 20 жұмыс сағаттан аспайтын, арнайы тексеру тәртібінен өтіп болған соң, оң шешім қабылданған жағдайда БАҚ өкіліне аккредитациялық карта беріледі. Сол карта болмаған жағдайда 1 сәуірден бастап Көрме территориясы мен Медиа-Орталықта жұмыс істеу мүмкін емес.

БАҚ аккредиттеу бойынша мәселелер туындаған жағдайда, Сіз мына тел.: +7 (7172) 93-89-43 (шетелдік БАҚ үшін), +7 (7172) 93-90-07 (қазақстандық БАҚ үшін) дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 19-00-ге дейін, сенбі күндері сағат 9-00-ден 13-00-ге дейін хабарласа аласыз.

АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТКЕН БАҚ АРНАЛҒАН МЕДИАКОНТЕНТ

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017