Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / АҚШ

 

Келушілер АҚШ павильонына кіргенде көретін дүниенің алдын ала шолуы:

1 театр: Энергияға толы кеңістік

Келушілер Павильон экспозициясының жүрегінен шыққан сауалға тап болады: «Шексіз Энергия Көзі дегеніміз не?» Павильонға кірген кезде АҚШ көріністерінің ортасына түсіп, олармен Америкалық Ынтымақтастық Елшісі амандасып тұрады. Содан соң өткен күннен шабыт алатын америкалық жаңашылдық рухты дәріптейтін, сондай-ақ болашақ озық технологияларын айқындайтын фильм көрсетіледі. Осыдан кейін қонақтар Өмір Энергиясы Театрындағы қойылымға шақырылады.

 

2 театр: Өмір Энергиясы

Мұнда келушілер таңқаларлық, ғажайып және еліктіргіш шоу – АҚШ Павильоны «Шексіз Энергия Көзі» тақырыбының әсерлі көрінісінің күәсі болады. Шоу бір мезгілде үш үлкен экраннан көрсетіліп, кейін көпқабатты еден арқылы кеңейіп, төбеде аудио-жарық көрінісіне жалғасады.

Шоу Павильонының Эпилогы

Эпилог 1 театрда қойылған сауалға жауап береді: «БІЗ – Шексіз Энергияның Көзіміз». Бұл жерде демеушілеріміз бен әріптестеріміз келушілерді Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы достықтың дамуы және әлемге жағымды шешімдерді енгізу жұмысының жалғасы туралы білуге шақырады


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017