Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Таиланд

«Таиланд павильоны» (Сала Тай) түсінігі

Көрмеде марқұм Король Пхумипон Адульядеттің тәуелсіз теориясымен шабыттандырылған және ресурстарды тиімді пайдалану саласында тай үкіметімен, өнеркәсібімен және жеке секторымен жүзеге асырылған қуаттың жаңартылатын көздерін әзірлеудегі Таиландтың мүмкіндіктері және биоэнергетиканы дамыту барысы ұсынылатын болады. Тайлықтар сыртқы бақылауға алынбайтын факторлардан қорғанышқа ие болып, болашақта тәуелсіз болады. «Тай энергетикасының негізін қалаушы» ретінде танымал Король Пхумипон Адульядет энергетикалық қауіпсіздік, дамыту және Таиландта және бүкіл әлемде тұрақтылықты арттыру мақсатында ауыл шаруашылық өнімін пайдалана отырып, болашақ энергетикасын дамытудың қолдаушысы болып табылады.

 

 

Жанды көрме

Таиланд павильонындағы көрме (бірінші қабат)

1 көрме залы: Біздің жол, Біздің тайлықтар

Келушілер өмір салтымызды, сұлу пейзаждарды, қоршаған ортаны, сонымен бірге табиғи ресурстарды және тұрақты өмір салтының негізі болып табылатын энергетикалық әлеуетті жақсырақ түсіне алатындай етіп Таиланд тарихын және бейнесін көрсету.

Таныстыру рәсімі:

Ақиқатқа жуық тәжірибені жасау үшін жанды көрмені пайдалану. Жанды көрме мына бөлімдерден тұратын болады 

 

1 бөлім: Таиланд көрмесі

 Туризм, Таиланд ерекшеліктері, маңызды орындары және тағы басқаа сияқты түрлі аспектілерде Таиландтың кішірейтілген үлгісін көрсету. Жеңіл түсінгішті инфографиктер арқылы аудитория ішінде қызығушылықты тудыру және қуаттың жаңартылатын негізгі көздерінің әлеуетін көрсету үшін динамикалық демонстрация технологиясын қолдануға мүмкіндік береді.

 

2 бөлім: Сахнада Тай мәдени көрсетілімі

Барлық жастағы адамдарды таң қалдыру үшін мультимедиа және аса зор жарық диодты LED экранды пайдалана отырып, келушілер бірегей және сұлу тай атмосферасының куәгерлері бола алатындай етіп тай мәдениетінің түрлі аспектілерін көрсету. Сахнада өтетін үш мәдени іс-шаралардың бірі болып Муай Тай болады, тай мәдени ойын-сауық дәстүрлерін және «өсетін қуатты» көрсету.

 

Көрсетілім тұжырымдамасы:

Таиланд павильонындағы көрсетілім тұжырымдамасы «Таиланд кереметі» деп аталады. Біз білгеніміздей, қазақ халқы сауы-сайранды жақсы көреді, сондықтан бізде түрлі тамаша мәдени іс-шаралар мен ойын-сауықтар ұсынылған.

 

3 бөлім: Таиланд павильонына арналған белгі

Келушілер «Қолжетімді биоэнергетика» идеясын түсініп, Таиланд павильоны туралы толық мәлімет ала алады.

 

Театр

Болашақта пайдаланылатын қуаттың жаңартылатын көздері және және болашақ қуаты туралы ақпаратты жинау. Таиландта қуат табиғи ресурстардан және қуаттың жаңартылатын көздерін алға жылжыту туралы Король Пхумипон Адульядеттің ойларынан шыға отырып өндіріледі; бүгінде тайлықтар қуаттың жеткілікті және сенімді көлемін пайадалана алады.

 

Таныстыру рәсімі:

3D кинотеатр көрермендер арасында қызуғылық пен тандануды тудыру үшін Таиланд павильонының бойтұмары Па- лангтің әңгімелерімен аралас болашақ зертханаларын көрсететін болады. Па-Ланг көрермендерге осы хиқаяға шомуға және сезінуге мүмкіндік беретін хиқаяны баяндайды. Келушілердің жан жүрегіне жетіп, болашақ қуатын пайдаланудың Тай тәсілін естеріне қалдырады.

 

Интерактивті Көрме

 

Бұл бөлмеде қант құрағы, эвкалипт, резеңке, күріш, жүгері, жануарлар көні және ауыл шаруашылық қалдықтар, маниока мен пальмалар сияқты биомасса және биоотын туралы ақпарат жиналған. Негізгі назар ауыл шаруашылығындағы қуаттың жаңартылатын көздеріне аударылатын болады, келушілер табиғи ресурстардан жасалған қуаттың құны туралы біле алады. Келушілер табиғи көздерден алынатын қуаттың құндылығы туралы білуі үшін ауыл шаруашылығында қуаттың жаңартылатын көздеріне назар аударылады. Биоотынды жасау агрономдардың табысын ұлғайтып, қоқыс көлемін азайта алады, сондай-ақ тайлықтарда болашақ үшін қуаттың жеткіліктілігіне көз жеткізеді.

 

Таныстыру рәсімі:

Бұл көрме көрермендер бөлмеде еркін жүріп-тұра алатын энергетикалық зертхананы модельдеу үшін арналған. Белгілі бір бөлме санаттар бойынша бөлінетін, ал мазмұны мультимедиа арқылы берілетін қуаттың әр түрлі түрлерін көрсетеді.

 

Таиланд павильонындағы көрме (екінші қабат)

Тиісті мекемелер мен ұйымдар өз стендтерін орналастырады, соның ішінде Қуат тасығыштардың саудасы министрлігі, Дамыту мәселелері бойынша қоғамдастықтың энергетикалық өнімдерді көрсету департаменті, Таиланд инвестициялары схемасы бойынша ақпараттандыру және Таиландтағы туристік бағыттарды, тай тағамдарын, тай уқалауын, тай отандық өнімдерін (ОТОП) және қолмен істелінген бұйымдарды көрсетуді қоса алғанда Тай мәдениеті министрлігінің көркем стенді орналастырылады. Іскери байланыстарды жолға қоюға арналған орын ұсынылады.

Павильонның WEB-cайты

 

 

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017