Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Қатысушы елдер / Швейцария

«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі швейцариялық павильон келушілерге Швейцарияның әсем көріністерін ашуға шақырады. Павильонның ерекшелігі – келушілер табиғи сұлулықты танып білу немесе оны сақтап қалу үшін оның жұмысына белсенді атсалысуы тиіс. Басқаша айтқанда, павильон энергиялық тиімділікті қамтамасыз ету, ресурстарды басқару мен трансшекаралық ынтымақтастық бағытында жалпы қоғамның шын мәнісіндегі нендей күш салуы қажеттігін меңзейді.

Павильонның кіреберісінде келушілерді сүреңсіздік, көріксіз кеңістік қарсы алады. Келушілер ландшафт аумағында шашыранды орналасқан үш үйді тауып, ішіне кіріп, көрме экспонаттарымен өзара әрекет жасай бастаған мезетте ғана сыртқы пейзаж гүлденіп, қанық жасыл түске боянады. Келушілер жеке энергетикалық теңгерімін, энергияны қолдану мәселесіндегі өздерінің күнделікті қызығушылығының дәрежесін әрі оның өздері тұрып жатқан қоршаған ортаға тигізетін салдарын өлшей алады. Сондай-ақ осы үш үйдің бірінде климат өзгеруінің ықпалын және тұрақты энергия көздерін басқарудағы жаһандық ынтымақтастықты орнату қажеттілігін бағалауға болады.

Сонымен қатар swissnex лабораториясы Швейцарияны зерттеу саласының жетекші елдерінің бірі ретінде таныстырып, дүниежүзі мен Швейцарияны ғылым, білім беру және инновациялар тұрғысынан біріктірмек. Сондай-ақ арнайы шаралар, семинарлар мен уақытша көрмелер шеңберінде ғалымдар, студенттер мен кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастық орнатуға жағдай жасайтын алаң ұсынады.

Швейцариялық павильон өз есігін 10 маусым күні айғара ашады. Үш ай ішінде осында 500 000 адам келеді деп күтілуде. Жаңалықтар, жаңартулар мен бейнематериалдар жуық арада пайда болмақ.

Павильонның WEB-cайты

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017