Амфитеатр
ЭКСПО КӨРМЕСІНДЕГІ СЕНІҢ КҮНІҢ
Ойын-сауық бағдарламасы
МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ойын-сауық бағдарламасы

MTV
Өтетін мерзімі
18.08
Өтетін орны
Амфитеатр

ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНДЕ ҒАЛАМАТ MTV КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ


 


Қазақстанның 2017 жылғы ең ауқымды және энергияға толы музыкалық шарасына дайынсыз ба?! Қазақстанға алғаш рет келетін MTV халықаралық телеарнасы 18 тамыз күні ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің Амфитеатрында ашық аспан астында әлемдік музыкалық жұлдыздар және MTV резиденттерінің қатысуымен ғаламат концерт өткізбекші.


Әлем бойынша MTV көрермендерінің жүрегін жаулап алған R3WIRE & VARSKI ЭКСПО келушілерінің көңіл-күйлерін көтеру үшін Астанаға ұшып келеді. Осы жазда Мальта, Хорватия, Англия, Испания, Болгария, Гибралтардағы фестивальдерін өткізіп жүрген R3WIRE & VARSKI ерекше ықыласпен Қазақстанды да өз кестесіне қосып, Астанада 2017 жылдың ең ғажайып кешін өткізеді.


NOVA TWINS дуэті – бас гитарада Джорджия, әнші әрі гитарист Эми музыкалық болашағы зор музыканттар әсерлі әндерін орындайды. Олардың музыкасын белгілі бір стильге жатқызу қиын, панк, рок, грайм – әрбір туындысы осы стильдердің қоспасы болса керек. Дуэт Астана тұрғындары мен қонақтарын ЭКСПО кешеніндегі Амфитеатрға қуана-қуана шақырады.


MTV жұлдызды тобының арасында KELE LE ROC әншісі - "Little Bit of Lovin" және "My Love" секілді әндерімен британдық чарттардың ТОП-10 талай рет бастаған әрі музыка саласындағы бірнеше халықаралық сыйлықтардың иегері атанған R&B бағытында ән салады. KELE LE ROC 18 тамыз күні ЭКСПО-дағы MTV кешіне келген әрбір қонақтың көңілінен шығары сөзсіз!


Біздің еліктіріп әкететін шоуға музыкант, әнші, әндерінің авторы әрі орындаушысы, продюсер – JOHN NEWMAN қатысады. Оның дебюттық «Love Me Again» синглы британдық хит-шеруді бастап, әлемдік чарттардың да шыңына сан рет шыққан әртіс. Әлем мойындаған әнші JOHN NEWMAN ЭКСПО келушілері үшін өзінің хиттері мен жаңа күйтабағын ұсынады.


MTV кешінің асыға күткен әртісі, шоудың негізгі жұлдызы, әлемдік танымалдылыққа ие AKON өнер көрсетеді. Billboard Hot 100хит-шеруіндеекіретбіріншіорынғаиеболғаналғашқы соло әншісі, Гиннесс рекордтар кітабының рекордсмені, Грэммидің бес сыйлығының иегері, сондай-ақ Top Digital Songs Artists тізімінің алтыншы нөмірі болып табылатын әртіс ЭКСПО келушілерін музыка әлеміне шомуға шақырады.


Концерт Астанаға келетін MTV тобымен түсірілмек. Осынау ауқымды музыкалық шара MTV кіретін Viacom халықаралық музыкалық арналарының тарату кестесіне енгізіліп таратылады. MTV шоуы әртүрлі мәдениеттер өкілдерін Еуразия жүрегінде тағы да біріктіретін ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесінің эксклюзивті шарасы.


Келіңіздер! Шоудың бір бөлшегі болыңыздар!


 


Концертке бару үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне алған билеттің өзі жарамды.


 


Өтетін мерзімі: 18.08


Өткізілетін уақыты: 20:00


Өтетін орны: Амфитеатр

Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017