Амфитеатр
ЭКСПО КӨРМЕСІНДЕГІ СЕНІҢ КҮНІҢ
Ойын-сауық бағдарламасы
МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМАСЫ

Ойын-сауық бағдарламасы

Дэвид Гетта
Өтетін мерзімі
29.08.2017
Өтетін орны
Амфитеатр

Қазақстанда алғаш рет 29 тамызда Амфитеатр сахнасында (Көрме аумағы) француз диджейі және продюсері Дэвид Гетта өнер көрсетеді.


Дэвид Гетта – әлемдік деңгейдегі музыкант әрі диджей, белгілі музыкалық продюсер. Ол The Black Eyed Peas, LMFAO, Flo Rida секілді топтармен жұмыс істеп, Рианна, Мадонна, Снуп Дог, Келис, Сиа, т.б. көптеген әншілерімен де қызметтес болған.


Оның Guetta Blaser күйтабағы дүниежізінің би алаңдарын айналып шыққан. Осы күйтабақтағы композициялар Париж сән апталығында Джон Гальяноның көрсетілімінде, Formula-1 жарысының Гран-при Монте-Карлода afterparty кешінде ойнаған. Түнгі клубтарға арналған бұдан асқан би әуендерін ойлап табу қиынның-қиыны деп жүргенде, араға бірнеше жыл салып Дэвида Геттаның жаңа хиттері: Love is Gone, Baby is When The Light, Sexy Bitch шығады. Бірнеше жылдан бері сыншылар Дэвидті «ремикс шебері» деп атап жүр. Ол рейтингілерге онша мән бермейді, танымалдылыққа да аса қызықпайды, ең бастысы, өмірлік жолы «музыкаға бейімділік» екендігін тани білді. 2011 жылы DJ Magazine беделді халықаралық рейтингісінің нәтижесі бойынша Дэвид Гетта нөмірі бірінші диджей атанды. Дэвид Grammy, World Music Awards секілді мәртебелі сыйлықтардың бірнеше дүркін номинанты әрі иегері, ал оның тректері әрдайым әлемдік чарттарда көш бастап келеді. Кәру Көрме билеті арқылы жүргізіледі, уақыты 21:00

Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017