Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

«Нұр Әлем» павильоны / Empty title

«Нұр Әлем» павильонының 1 қабатында орналасқан. Бұл жерде келушілер Қазақстанның тарихы, мәдениеті, дәстүрі, көрікті жерлері, сондай-ақ соңғы жетістіктерімен таныса алады.

Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігі ұлттық павильонның тақырыптық және мазмұндық толтырылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, министрлік пен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бірге павильонның «Жасампаз энергия» бөлімін толтыру бойынша жауапты.

«Жасампаз энергия» бөлімі 4 экспозициядан құралады:

 

  1. «Елбасының энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамалары. Мемлекеттік саясат».

Бұл экспозицияда Елбасының энергетика және экология саласындағы: Энергетикалық-экологиялық стратегия, «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы, Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы секілді бастамалары ұсынылады. Елбасының барлық бастамалары ақпараттық бейнеклип ретінде көрсетіледі.

 

Министрлік қазақстандық ғалымдардың 27 ғылыми зерттемесін таңдап алды. Екі кезеңнен тұратын таңдауды ҚР ЭМ жанында құрылған ғылыми-техникалық кеңес өткізді. Тағы бір жобаны телекөрермендер «Болашақ энергиясы» телебайқауы арқылы таңдаған болатын.

Таңдалған жобалардың тақырыбы жаңғыртылатын энергияның жаңа көздерін дамыту технологиялары, энергияны сақтау жүйелері, қоршаған ортаға деген зиянды әсерді төмендету, энергетика және климатқа баланысты болып отыр.

Барлық 28 жоба мультимедиа контент түрінде орнатылса, оның ішіндегі 11 жобасы макет түрінде жасалған. Мультимедиа контентін экрандары бар дүңгіршек түрінде жасау көзделген.

2016 жылдың 27 қазанында ҚР Энергетика министрлігі - NEWENERGY global startup fest ауқымды халықаралық шарасын өткізді. Стартап жобалардың халықаралық байқауы акселераторлар, инвесторлар, жас ғалымдар халықаралық қаумдастығының Қазақстанға және еліміздің жаңа технологияларының дамуына деген жоғары қызығушылығын көрсетті.

Шара ұйымдастырушыларына 50 елден - АҚШ, Австралия, Ресей, Қытай, Канада, Израиль, Франция, Индонезия, Норвегия, Швеция, Ирландия, Үндістан, Түркия, Дания, Финляндия, Швейцария, Нигерия, Мысыр, Ангола және т.б. елдерден 800 жуық сұраным келіп түсті.

2016 жылдың 27 қазанында Астана қ. Тәуелсіздік Сарайында өткен байқау финалына қатысқан ТОП 100 жобаны Силиконды алқап, Тель-Авив университеті, British Petroleum компаниясының халықаралық сарапшылары таңдап алды. Байқау нәтижесі бойынша ТОП 30 жоба ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілу үшін іріктелді.

 

  1. «Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу жолында» экспозициясы.

Инновациялармен бірге Қазақстанның «жасыл» экономиканы дамытуына айнымастығын және дайындығын көрсету жоспарланған.

Қазіргі таңда Қазақстанның өңірлерінде «жасыл» экономика секторларына сай жобалар іске қосылып, немесе жүзеге асырылуға әзірленіп жатыр. Елімізде жаңғыртылатын энергия көздерінің нысандары жұмыс істеп, өндірісте, құрылыста, ТКШ, көліктегі энергиялық тиімді жобалары, тұрақты ауыл шаруашылық пен су жобаларының жемісті мысалдары баршылық.

Бұл жобалар Қазақстанның интерактивті картасына енгізіліп, кез келген көрме келушісі белгілі бір өңірді шерткенде осы аймақтың барлық жобалары туралы ақпаратты көре алады.

 

  1. «Токамак» ҚТМ»қазақстандық термоядролық материалтану реакторы» экспозициясы.

Экспозиция халықаралық жоба аясында термоядролық реакторды құрастыру бойынша жұмысты сипаттап беру және «Токамак» ҚТМ» термоядролық реактор мысалында плазманы алу барысын көрсету үшін жасалған.

Жоспар бойынша, көрмені өткізу кезінде, Елбасы Токамак КТМ іске қосады, ал павильонда плазманы іштей алуды көрсетіп тұратын Токамак КТМ ішкі құрылысының макеті орналасады.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017