Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Финляндия

20 маусымда Финляндия тәуелсіздігінің 100 жылдығына орай ұлттық мереке аталады. Бағдарлама таңертең фин музыкалық дарындарының классикадан поп-ритмдерге дейінгі әуендерінен басталады. Сиқыршы аудиторияны мистикалық құпиялар әлеміне жібергенде, танго бишілері wow-әсерге бөлейді. Содан кейін көрме келушілері фин павильонында Лапландиядан Астанаға келген нағыз Санта Клаустың (Joulupukki) өзін кезіктіреді.

Ұлттық күнде өнер көрсететін жұлдыздардың бірі ғажайып фин әншісі, әндерінің авторы әрі актриса, британдық X-Factor 2016 байқауында екінші орынды иемденген және "Мұзды жүрек" мультфильмінің фин нұсқасындағы Анна ханшайымының даусын салған Саара Аалто (Saara Aalto) болмақ. Саараның ғажап шоулары мен айтқысыз сахналық шеберлігі аудиторияны жаулап алды! Бұдан бөлек ЭКСПО-2017 алаңында Финляндияның поп-музыка орындаушысы ретінде аты шыққан Диандра әншісі де өнер көрсетпек! 2012 жылда Idols ән байқауында жеңімпаз атанған Diandra әншінің мықты дауысы мен ерекше дарындылығы арқасында жұлдызға айналды. Классикалық музыканы меңгерген ол әртүрлі музыкалық стильдерде ән сала алатынын дәлелдеді. Diandra жұртшылықты өзінің әмбебаптығымен таңғалдырады. Биылғы көктемнен бастап Diandra Финляндияның президенті Sauli Niinisto және финдік поп әншісі Robin Packalen бірлесіп мектептердегі кемсітулерге қарсы кампанияны жүргізіп келеді. "Қолдау көрсету тобының" мақсаты мектептерде кемсітулердің орын алып жатқандығы туралы хабардарлықты жоғарылату және қорқытулардың алдын алу бойынша бастамаларға қатысуға шақыру!

 

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017