Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Empty title

ЭКСПО көрмесінде Ресей Павильонының мәдени бағдарламасы аясында жас музыканттар - фортепиано, скрипка және виолончель мамандықтары бойынша П.И.Чайковский атындағы Х мерейтойлық халықаралық жасөспірімдер байқауының лауреаттары мен дипломанттары өнер көрсетеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР БАЙҚАУЫ ЛАУРЕАТТАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

Астана – 22.06.2017. ЭКСПО көрмесінде Ресей Павильонының мәдени бағдарламасы аясында жас музыканттар - фортепиано, скрипка және виолончель мамандықтары бойынша П.И.Чайковский атындағы Х мерейтойлық халықаралық жасөспірімдер байқауының лауреаттары мен дипломанттары өнер көрсетеді. Концерт бағдарламасында әлемдік классикалық музыканың үздік туындылары орындалады.

Қатысушылар арасында Ресей, Қазақстан, Словения, АҚШ және Чехия өкілдері.

Концерт репертуары Чайковский, Сен-Санс, Ваксманның скрипкаға арналған шығармаларынан тұрады. Виолончельшілер Шопен, Боккерини және Римский-Корсаковтың туындыларын орындайды. Фортепианода Чайковский, Рахманинов және Ғазиз Жұбанов орындалады.

Концерт 24 маусымда сағат 15.00 Ресей Павильонының алдындағы Бас атриумның сахнасында өтеді.

ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында 2017 жылғы маусымның 15 мен 25 аралығында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында П.И.Чайковский атындағы Х мерейтойлық халықаралық жасөспірімдер байқауы өтіп жатыр. Байқауға әлемнің 20 елінен келген 120 қатысушы бақ сынауда.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017