Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Мадагаскар

30 маусым - Мадагаскардың Ұлттық күні.

Ұлттық күн сахнасында Мадагаскар республикасындағы Жастар және спорт істері бойынша Вице-министрі Herihajaina Robert Randrianirina сөз сөйлейді. Рандрианирина мырза 
TAFITA (Мадагаскардың алшақ аудандарындағы балаларды қорғау ассоциациясы) Ассоциациясы кеңесінің мүшесі, экономика, басқару және жаһандану салаларындағы кеңесші, сондай-ақ спорт және туризм салаларындағы экономика бойынша маманы болып табылады.

Ұлттық күннің мәдени бағдарламасы аясында "Tsienim­parihy" тобының әртістері Мадагаскардың дәстүрлі аспаптарында: ішекті 
джеджи вуатува (j­ejy voatavo) және джембе (djembe) дабылымен шығып өнер көрсетеді. Малагасиялық музыка өте әуезді келеді әрі континенталды Африканың өзге дәстүрлерінен соқпалы аспаптардан гөрі ішекті аспаптардың көптігімен ерекшеленеді. "Tsienimparihy" тобы әдеттегі малагасиялық мәдениетті бүкіл Африка бойынша өзінің бірегей музыкасы арқылы жеткізеді. Әртістер алғаш рет Орталық Азия аумағында Астанадағы Expo-2017 көрмесінде өнер көрсетеді!

 

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017