Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Бейсенбі күні, 2017 жылдың 29 маусымында Израильдің Ұлттық Күні ашылады

Құрметті журналисттер!

 

Бейсенбі күні, 2017 жылдың 29 маусымында Израильдің Ұлттық Күні ашылады. Құрметті қонақтар арасында - Израиль СІМ бас директоры Юваль Ротем.

Шара шеңберінде шыққан тегі эфиоп, израильдік әнші Aveva өнер көрсетеді. Aveva авторлық әндерінің ерекше әуезді үні қонақтарға нағыз драйв сыйлайтын махаббат және еркіндікпен қуаттайды. Көптеген әлем көшбасшылары, соның ішінде Далай-лама мен Рим Папасы алдында өнер көрсеткен танымал KingDavidPeaceDrummers дағырашылар тобы қонақтардың назарына ойын-сауық шоу-бағдарламасын ұсынады.

Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Израиль баламалы энергетика саласындағы зерттемелері мен жетістіктерін ұсынып отыр. Ел өзінің күн энергиясы мен инновациялық технологияларды қолданудағы озық тәжірибесімен бөлісуде. Израильдің технологиялық компаниялары барлық салаларда: жел, күнсәулелік-жылыту, фотоэлектрлік, зияткерлік тор, энергиялық тиімділік және биологиялық технологиялардағы шешімдерді жасап шығарады. Бүгінгі таңда жаңғыртылатын энергия көздерімен айналысатын 200 компания болса, олардың 30% стартап болып саналады.

  

 

Шараның басталуы сағат 10:00.

 

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін байланыс тел.+7 7172 93-90-40, 87779823133

Электронды мекенжай: mcexpo2017@gmail.com

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017