Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Empty title

Құрметті БАҚ өкілдері!

Бейсенбі күні, 2017 жылдың 29 маусымында сағат 10.00 ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрменің аясында «Болашақ энергиясы» – Энергетикалық төңкеріс форумы өтеді.

Конференцияның міндеті мен мақсаты:

  • Тұрақты энергетика тақырыбында халықаралық диалог, инновациялар мен пікірталастарға жағдай жасап, оның дамуына септігін тегізу;
  • Экологиялық таза энергияны және «жасыл» өмір салтын ілгерілету;
  • Экономика, ғылым, инженерия және технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Экологиялық тұрақты даму және «таза» энергия саласындағы әлемнің үздік тәжірибелерін ілгерілету;
  • Қазақстандағы өнеркәсіпті экологияландыру бойынша инновациялық платформаны құру;
  • «Жасыл» экономикаға көшу барысын жылдамдату және инновациялық жобаларға инвестицияны тарту.

 

Астана-ЭКСПО-2017 аясындағы «Болашақ энергиясы» форумы – бұл болашақ энергетика тарихының жан-жақты ашылатын алаңы.

Пленарлық отырыстың бірінші сессиясына Қазақстан Республикасының ресми тұлғалары қатысады:

Бақытжан Сағынтаев – ҚР Премьер-Министрі;

Қанат Бозымбаев – ҚР Энергетика министрі;

Ахметжан Есімов – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы;

Клаус Тепфер – Тұрақтылықты зерттеу институтының құрылтайшысы және директоры, Басқарушы комитеттің мүшесі;

Владимир Сидирович – Ресейдің ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу дайындығы бойынша сарапшлық кеңесінің Төрағасы.

«Энергетикалық төңкеріс» сериясының жүргізушісі «Керемет табылған» шоу және «Сенсациялық мәлімдеме» сериалына қатысуымен белгілі британдық тележүргізуші Даллас Кэмпбелл болмақ.

Шара сағат 10:00, ал қатысушыларды тіркеу 9.00 басталады.

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін байланыс тел.8 777 674 76 50

Электронды мекенжай: mcexpo2017@gmail.com

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017