Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Бейсенбі күні, 2017 жылдың 29 маусымында Түркменістанның Ұлттық Күні өтеді

Құрметті журналисттер!

Бейсенбі күні, 2017 жылдың 29 маусымында Түркменістанның Ұлттық Күні өтеді. Ашылу рәсіміне қатысатын ҚР Энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев және Түркменістанның Сауда-Өнеркәсіп Палатасының Төрағасы Д. Реджепов сөз сөйлейді.

Ұлттық күн қазіргі заманда өзгеріп отыратын әлемдегі Түркменістан халқының дәстүрін паш етуге негізделеді. Шараға толы бағдарлама мәдени-тарихи мұра мен энергетика саласындағы жаһандық түйткілдерге деген заманауи көзқарастың үйлесімінен құралған.

Ұлттық Күн сахнасында Сіздер үшін Түркменістанның еңбек сіңірген әртістері, соның ішінде Нұра Нұрыев, Гөзел Овезова, Дұрмаш Реджепов және т.б. өнер көрсетеді. Көрме қонақтарына Кушдепди түрікмен биі және фольклорлық әндер ұсынылады. Түркменістан Павильонының тұжырымдамасы елдің энергетикалық әлеуетін паш етеді. Мұнда газ отынын тиімді қолданудың заманауи технологиялары, сондай-ақ күн энергетикасындағы зерттемелер көрсетіледі.

 

Шара 15.00басталады

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін байланыс тел.+7 7172 93-87-85, 87474411947

Электронды мекенжай: mcexpo2017@gmail.com

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017