Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / АСТАНА ЭКСПО КӨРМЕСІНДЕГІ ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГИЯ БОЛАШАҒЫН ТАЛҚЫЛАУ ҮШІН МАГАТЭ ШАРАСЫ

МАГАТЭ мен Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғалары мен сарапшылары 30 маусымда Астана қаласында ЭКСПО-2017 шарасы барысында ядролық энергия болашағын талқылайды.

«Ядролық энергияны жарқын энергия болашағы үшін тиімді қолдануға уәде беру» атты іс-шарасы ядролық энергия келешегін - оның мақсаты мен міндеттерін, сонымен қатар МАГАТЭ мен Қазақстанның осы салада ынтымақтасу жолдарын талқылайды. МАГАТЭ ұйымдастырған шарада алты баяндамашылар қысқаша презентация көрсетеді, содан кейін халықаралық аудиториямен сұрақ-жауап сессиясын өткізеді.

Қосарлас іс-шараны МАГАТЭ Бас директорының арнайы көмекшісі Сайед Ашраф жүргізеді. Журналистер қосарлас іс-шараға қатыса алады.

Өткізілу орны: Конгресс Орталығындағы 3 Мәжіліс Холы

Өткізілу уақыты: 13:15 – 15:45

Баяндамашылар (баяндама жасау кезегімен):

  1. Виктория Алексеевна (МАГАТЭ-нің жоспарлау және экономикалық зерттеулер бөлімінің Энергия / Қоршаған орта экономисті) ядролық энергиясы драйверлері, энергия қауіпсіздігіндегі ядролық энергия рөлі, климат өзгерісі және ТДМ (Тұрақты Даму Мақсаттары).
  2. Мэтью Коул Ван Сикле (МАГАТЭ-нің Ядролық энергия бөліміндегі Ядролық адами ресурстарын дамыту жөніндегі маман) жаңадан келгендерге МАГАТЭ көмегі, қолданыстағы реакторларды ұзақ мерзімді пайдалану, ядролық энергия жүйелерін дамыту, радиоактивті қалдықтарды басқару және пайдаланылған ядролық отын.
  3. Сайед Ашраф, МАГАТЭ-нің Бас директорының арнайы көмекшісі, МАГАТЭ-нің Қазақстанмен ынтымақтастығы және оған көмегі туралы.
  4. Шаяхмет Шиганаков - Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығындағы жетекші ғалым. Радиоактивті қалдықтар және Қазақстанда пайдаланылған отынды басқару.
  5. Батыржан Қарақозов (Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіндегі Атом энергиясы және өнеркәсібі департаментінің директоры) Қазақстанның ядролық энергия бағдарламасы және оны әрі дамытудың басымдылық шаралары.

Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017