Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 2017 жылдың 30 маусымында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесінің аясында Мадагаскар Республикасының Ұлттық күні өтеді

Құрметті журналистер!

2017 жылдың 30 маусымында Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесінің аясында Мадагаскар Республикасының Ұлттық күні өтеді. Шараның ашылу салтанатында Мадагаскар Республикасының жастар ісі және спорт вице-министрі Роберт Рандрианирина сөз сөйлейді. Рандриандирина мырза Мадагаскардың шалғай өңірлеріндегі балаларды қорғау қауымдастығы Кеңесінің мүшесі, экономика, басқару және жаhандандыру салаларында кеңесші болып табылады.

Ұлттық күннің мәдени бағдарламасы аясында сахнада "Tsienimparihy" тобының әртістері өнер көрсетеді. Олар Мадагаскардың шекті джеджи вуатува (jejy voatavo) және джембе (djembe) барабаны сынды ұлттық аспаптарында ойнайды. Айта кетерлігі, әртістер Орталық Азияда алғаш рет өнер көрсетпек.

Мадагаскар музыкасы өте әуенді және құрлықтық Африканың бірқатар дәстүрлерінен шекті аспаптарды ұрмалы аспаптарға қарағанды жиірек қолдануымен ерекшеленеді. "Tsienimparihy" тобы Африка бойынша өзінің малагисиялық мәдениетін өзінің ерекше музыкасы арқылы танытады.

 

Шараның басталуы 11:00-де

 

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел, 55

Ақпарат үшін тел.+7 7172 93-90-40, 87077999721

Электрондық мекен-жай: mcexpo2017@gmail.com

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017