Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 2017 жылдың 1 шілде күні, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесінің аясында Таиланд Корольдігінің Ұлттық күні өтеді

Құрметті журналистер!

2017 жылдың 1 шілде күні, Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесінің аясында Таиланд Корольдігінің Ұлттық күні өтеді. Шараның ресми өкілдігін Генерал Анантапорн Канджанарат басқарады.
Ашылу салтанатының ресми бөлімінен кейін көрермендер «Жер-су ырғақтары» атты арнайы көрсетілімді тамашалай алады. Бұдан бөлек, көрме қонақтарының алдында ұлттық тай қойылымдарынан құралған шоу тарту етіледі. Оның құрамына Хон биі, Кинари биі мен Джо Луи атты ұлттық тай қуыршақтар театры кіреді. Сондай ақ, «Таиландтың Болашақ энергиясы» атты кішігірім қойылым көрсетіледі. Оны Таиландтың ең сұлу бойжеткендерінің бірі ашады деп жоспарланып отыр.

«Барлық адамға арналған биоэнергетика» деп аталатын Таиланд павильоны көрмедегі ең үлкен павиондардың бірі болып табылады. Оның аумағы – 900 шаршы метрден астам. Павильон ойын-сауық пен танымдықты үйлестіре құрылған үш көрме залынан тұрады. Таиландтың ең танымал нышандарының бірі – жүгері. Ең қызығы, таилықтар жүгеріден қуат алуды меңгерген.

 

Шараның басталуы 15:00-де

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел, 55

Ақпарат үшін тел.+7 7172 93-90-40, 87077999721

Электрондық мекен-жай: mcexpo2017@gmail.com

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017