Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 4 шілде, сейсенбі күні сағат 15.00-де Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесінің аясында АҚШ-ның Ұлттық күні өтеді

Құрметті журналистер!

4 шілде, сейсенбі күні сағат 15.00-де Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 Көрмесінің аясында АҚШ-ның Ұлттық күні өтеді. Мерекеге орай, америкалық және қазақстандық әртістердің өнер көрсетуі қарастырылған. Концертте алғаш рет «қазақша кантри» таныстырылады. Сондай ақ қатысушылар «Қамажай» биін билейді.

Ұлттық күннің қонағы – бірқатар сыйлықтың лауреаты, әйгілі америкалық соул-әнші – Майя Азусена. Сонымен қатар, АҚШ павильонын таныстыратын америкалық студенттердің бірі – Грейс Гарретт, гавайлық укулеле музыкалық аспабында қазақтың әндерін орындайды. Әуезді әндерден бөлек, көрме қонақтары таңқаларлық байкерлік шоуды тамашалай алады. Ол теңіз жаяу әскері, америкалық студенттер, чирлидерлtр мен барабаншылардың сүйемелдеуімен өтеді.

Концерттік бағдарламадан кейін БАҚ өкілдеріне АҚШ павильонына пресс-тур жоспарланған.

Айта кетейік, осы жылдың 4 шілдесінде Америка Құрама Штаттары тәуелсіздіктің 241 жылдығын атап өтеді. Осыған орай, көрме қонақтарын америкалық мәдениетке толы бағдарлама күтуде. Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО-2017 Көрмесіндегі АҚШ павильоны 3 аймаққа бөлінген: «Энергия кеңістігі», «Өмір энергиясы» және пост-шоу алаңы.

 

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел, 55

Ақпарат үшін тел.+7 7172 93-90-40, 87474411947

Электрондық мекен-жай: mcexpo2017@gmail.com

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017