Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сейсенбі күні, 4 шілдеде Румыния Павильонында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында OMV Petrom România компаниясының «Энергиялық тиімділікті жоғарылату үшін зияткерлік инвестициялар» тақырыбындағы тұсаукесері өтеді

Құрметті журналисттер!

Сейсенбі күні, 4 шілдеде Румыния Павильонында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында OMV Petrom Româniaкомпаниясының«Энергиялық тиімділікті жоғарылату үшін зияткерлік инвестициялар» тақырыбындағы тұсаукесері өтеді. Басты баяндамашы ретінде шақырылған Норберт Грёшнердің компаниясы Румыниядағы шикі мұнайдың негізгі өндірушісі әрі ішкі нарықтағы газ өндірісінің жартысынан көбін қамтамасыз етеді. Естеріңізге салсақ, Норберт Грёшнердің өзі мұнай-газ саласында 25 жылдан астам жұмыс істеп келеді.

OMV Petrom компаниясы Upstream, Downstream Gas and Downstream Oil бизнес-сегменттерінде жұмыс істейтін Оңтүстік-Шығыс Еуропаның ірі мұнай-газ тобы. Топ жан-жақты жаңғырту мен тиімділікті жоғарылатқаннан кейін мұнай-газ нарығында өзінің позицияларын нығайтты.

Айта кетсек, Румыния анағұрлым таза әрі тиімді электр энергиясын газдан өндіре отырып, көміртек шығарылымдары төмен деңгейдегі экономикаға көшуде.

Шараның басталуы сағат 11:00.

Тұсаукесер сериясы 6 шілдеге дейін созылады.

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама тел.+7 7172 93-90-40, +7771 836 22 00

Электронды мекенжай: mcexpo2017@gmail.com

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017