Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 5 шілде, сәрсенбі күні ЭКСПО-2017 Көрмесінің аумағында Қытай Халық Республикасының Ұлттық күні аталып өтеді

Құрметті журналистер!

5 шілде, сәрсенбі күні ЭКСПО-2017 Көрмесінің аумағында Қытай Халық Республикасының Ұлттық күні аталып өтеді. Іс-шараға ҚХР Халықаралық сауда-саттық ықпалдастық комитетінің төрағасы Цзян Цзэнвэй мырза қатысады. Мереке аясында, Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы әріптестігі мен Қытайдың өзге мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынасына басты назар аударылады.

Ұлттық күннің бағдарламасы төмендегі шараларды қамтиды:

11:00-11:30 – Ұлттық күн сахнасында ресми ашылу салтанаты өтеді;

12:20-13:20 – Энергия Холлында тақырыптық қойылым сахналанады. 45 минут аясында қазақ және қытай мәдениеттерін қамтыған шаралар өткізіледі;

15:30-18:00 – Пекин Палас қонақ үйінде Қытай мен Қазақстан әріптестігінің форумы өтеді. Форум тақырыбы: «Жібек жолы» және «Энергетиканың болашағы». Шараға ҚХР Энергетика министрінің орынбасары, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, «Сарыарқа» қорының басшысы, CCPIT төрағасы және екі тараптан 300-ге жуық түрлі сала өкілдері қатысады. Қазақстанның жаңа инвестициялық саясаты мен Қытай кәсіпорындарының мүмкіндіктері – қызу талқыланатын тақырып болмақ.

19:30-21:00Энергия Холлында Қытай павильонына арналған шоу өтеді.

Энергия Холлында өтетін шараға қатысқысы келетін журналистер төменде көрсетілген нөмірге хабарласуын сұраймыз.

 

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел, 55

Ақпарат үшін тел.;+77001097309

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017