Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Латвия

Шара бағдарламасында: әнші Интарс Бусулистің, Марис Бриежкалнс квинтеті сүйемелдеуіндегі концерті.

Латвия өзінің музыка өнерімен қай заманда да даңқы шыққан ел. Біз үшін музыкамен бөлісу – өз табиғатымызбен бөлісумен бірдей. Ұлттық күн сахнасында танымал латвиялық әнші, сазгер және композитор – Интарс Бусулис.  Музыкалық мансабын джаздық оркестрде бастаған ол қазіргі уақыттағы коцерттерінде эстрадалық композициялармен бірге джаз туындыларын да орындайды, сондай-ақ Латвия радиосындағы биг-банд құрамында тромбоншы ретінде өнер көрсетуін де жалғастыруды.

Ұлттық күн сахнасындағы ерекше концерт бағдарламасына аты аңызға айналған маэстро Раймонд Паулстың белгілі ақын Евгений Евтушенко сөзіне жазылған әсем әндері ғана емес, джаздық орындаудағы әлемдік хиттар кіреді.

Интарс Бусулис әндерімен қатар көрермендерге Латвияның ең танымал джаз-бандтарының бірі Марис Бриежкалнс квинтетінің өнері ұсынылады. Олардың ойындары – жүректі тербеп, сезіміңді оятатын, толқытып, шабытқа бөлейтін  классикалық музыка мен джаз ырғақтарының қайталанбас үйлесімі.  

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017