Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сіздерді 2017 жылдың 7 шілдесінде Апулия үкіметі энергетикалық секторының мамандарына, өнеркәсіптеріне және зерттеу институттарына арналған «Ақылды Технологиялар Энергетиканың 4 Зерделі Секторы» семинарына қатысуға шақырады

Сіздерді 2017 жылдың 7 шілдесінде Апулия үкіметі энергетикалық секторының мамандарына, өнеркәсіптеріне және зерттеу институттарына арналған «Ақылды Технологиялар Энергетиканың 4 Зерделі Секторы» семинарына қатысуға шақырады.

 

Семинардың мақсаты– Апулия энергетикалық секторының дамуын талқылау үшін мүмкіндік жасап, келесі тақырыптарды қамту:

 Апулия энергетикалық секторының дамуы

- Апулия энергетикалық секторы саясатының жаңа бағыттары

Энергетикалық сектордағы инновацияларға арналған өңірлік «экологиялық орта»

 Апулиядағы жемісті инвестициялар мен инновациялық жобалар.

Семинар Puglia Sviluppo S.p.A. мемлекеттік облыстық қазыналық мекемесінің қолдауыменАпулия өңірлік үкіметімен ұйымдастырылған. Мекеме инвестицияларды тартуға, өңірдің дамуы мен өсуін іскерлік ынтымақтастық арқылы қамтамасыз етуге бағытталған ынталандыру жүйесінің кең спектрін басқарады.

Апулия Италияның жаңғыртылатын энергия көздері бойынша көшбасшы өңірі, жел энергиясы және фотоэлектр тоғы өндірісінен Италия  аудандары ішінен бірінші орын ала тұра, Апулия пайда болған ноу-хау бойынша да алда келе жатыр: бүгінде Апулия өз бетінше жаңғыртылатын энергияның 25,4% өндіреді.

Осы бір маңызды тәжірибенің арқасында біз бүгін Астана ЭКСПО 2017 көрмесіне келіп, заманауи технологиялардың энергиямен үйлесім таба алатынын көрсету үшін қатысып отырмыз.

Жаңғыртылатын энергия көздерін қолданудың өңірлік өсімінен кейін технологиялық инновациялардың құрал-саймандары арқылы энергияны үнемдеуге тырысудамыз. Шын мәнісінде Апулия барлық көздерден өзіне қажетті энергияның екі есе артық мөлшерін шығарады. Сондықтан бізге бұдан артық өндірудің қажеті жоқ, алайда үнемдеу маңызды.

Қалдықтарды болдырмау – біздің жаңа мақсатымыз әрі осы себептен біз құрылыс тиімділігіне ден қойып отырмыз.

ReferenceInformation: 

Италияның оңтүстік-шығысында орналасқан Апулия «ақылды» іскерлік және инвестициялық мүмкіндіктер үшін мінсіз мекен.

Апулия – халықаралық міртебесі әрдайым өсіп отыратын қонақжайлы, шығармашылық, тұрақты және серпінді өңір. Мұнда болашақ инвесторларға айтарлықтай артықшылықтар ұсынылады: стратегиялық географиялық орналасуы; жас және білікті мамандар; іскерлік құралдардың тартымды жиынтығы; зерттеу мен оқыту инвестицияларының жоғары деңгейлігі; өмірдің керемет сапасы.

Өңірлік үкіметтің «SmartSpecializationStrategy» жаңа стратегиясы аэроғарыш саласы, мехатроника және жаңғыртылатын энергия секторы секілді өңірдің озық бизнес салаларына серпін беріп, алайда жаңа инвестициялардағы негізгі назар «ақылды» бизнес секторларға, озық өндіріс, шығармашылық өнеркәсіп және сандық күн тәртібіне қойылады.

«Puglia Sviluppo» АҚ өңірлік үкіметтің бақылауындағы компания, ол бизнеске инвестиция тартуды ынталандырудың өңірлік бастамаларын басқарып, инвестициялық процесс арқылы инвесторларға қолдау көрсетуге дайын компания.

 

«Puglia Sviluppo» АҚ

www.pugliasviluppo.eu

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017