Cипаттамасы

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Чехия

Астана ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Чех Павильонының мәдени бағдарламасы

 

  1. Негізгі идеологиялық концепт

Астанадағы ЭКСПО-2017 Көрмесіне арналған мәдени бағдарламалар Чех Республикасын өзінің дәстүрі және фольклорымен мақтанатын ел ретінде көрсетіп, сондай-ақ «Іске асырудағы тапқырлық» тақырыбына сәйкестігін танытады.

  1. Жоба командасы

Шығармашылық топ ондаған халықаралық шаралар мен жасақтамалар, соның ішінде екі ЭКСПО дүнижүзілік көрмесін ұйымдастыру бойынша тәжірибесін пайдаланып отыр. Біз ЭКСПО мәдениет фестивалі емес екендігін түсінеміз. Бірақ біз үшін бағдарламаның мәдени, маркетингтік және ойын-сауықтыру бөлімдерін теңдестіру керек. Суырып салмаға орын болуы тиіс. Бағдарламалар Artprom, Ltd компаниясымен бірге жасалған.

Жобаның менеджері:Иржи Суханек, DEPO2015Директоры

Иржи Суханек – халықаралық жобалардың тәжірибелі менеджері. 2008 жылдан 2010 жылға дейін ол Чех Республикасы Павильонының өндіріс басшысы болып, 2010 жылы Шанхайдағы ЭКСПО Бүкіләлемдік Көрмесінде жұмыс істеген. Миландағы ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік Көрмесінде Пльзень Күндерін ұйымдастыруға қатысқан. 2011-2013 ж.ж. ол Чех Республикасының OKD Foundation корпоративтік қордың директоры болып істеген.

2013 жылы ол «Пльзень – Еуропалық Мәдени Астана 2015» жобасының дағдарыс басқарушысы болып тағайындалып, жетекші қызметінде осы жобаны сәтті жүзеге асырады. Туризм тұрғысынан бұл «Еуропалық Мәдени Астана» жобасынынң отыз жылдық тарихындағы ең жемісті жобаның бірі.

Бүгінде ол «Пльзень-2015» кейін пайда болған экологиялық тұрақты жобалардың бірі DEPO2015 шығармашылық аймағының директоры.

Сценарий авторы, режиссер өндіріс жетекшісі: Якуб Ведрал, ArtProm s.r.o. әкімшісі

Якуб Ведрал ArtProm s.r.o.Company әкімшісі әрі ART Prometheus азаматтық ассоциациясының төрағасы болып табылады. Ол «театралды қойылым» мамандығы бойынша Орындау Өнері Академиясын (Прага) тамамдаған. Ол Divadlo Continuo, Teatr Novogo Fronta (CZ / RU), Décalages - theater en mouvement (EN / FR) Amanitas Fire Theater, V.O.S.A. Theater, Brothers in T-shirts or Long Vehicle Circus театрларының продюсері. Ол жапондық қуыршақшы Nori Sawu Еуропадағы эксклюзивті өкілі. Сондай-ақ Чех Республикасында Teatr Prowisorium Kompania Teatr (Польша), Teatr Biuro Podróży (Польша) Scena Plastyczna KUL (Польша), Jeane Mordoj (Франция) and Teatr Akhe (Ресей) театрларын ұсынады.

Ол 2011 ж. Кошицеде өткен Ерлер хоккейі бойынша Чемпионаттың ашылу салтанатын басқарған. Шанхайдағы ЭКСПО-2010, Миландағы ЭКСПО-2015 және Антальядағы ЭКСПО-2016 көрмелерінде Чех Павильонының театрландырылған тұсаукесерлеріне жауапты болған. 2014 ж. наурызында ол Бахрейнде өткен Гран При Формула 1 театрландырылған ілеспе бағдарламасын жүргізген. 2015 ж. қыркүйегінде Пльзенде 100 000 адам келіп көрген алып марионеткалар жобасын ұйымдастырған.

 

  1. Мәдени бағдарлама әртістері

Чехияның Ұлттық Күн концептіжалпы мәдени бағдарлама концепті тәрізді Чех және Морав халық музыкасының байланысына негізделеді.

Чехияның Ұлттық Күні Амфитеатрда сағат 15:00 басталады. Бағдарламада:

- Чех және Қазақстан тараптарының құрметті өкілдерінің алғы сөздері, тудың көтерілуі

- Чех және Морав фольклорының қысқаша бағдарламасы

- Музыканттар, акробаттар мен бишілердің шеруі делегацияны Чех Республикасының Ұлттық Күннің қалған бөлігінен өткізеді (Чех Республикасы және Қазақстанның павильондарын аралау, баспасөз мәслихаты ...)

- Кештің шарықтау шегі Морав цимбал музыкасының сүйемелдеуімен өтетін Чех Республикасының Павильонындағы (мейрамхана) гала-қабылдау болмақ.

Чехия Ұлттық Күнінде және қалған күндерде ілеспе бағдарламада:

Үздік Моравүрмелі оркестрлерін таныстыратынМистржинянка үрмелі оркестрінің әртістерінен құралған Крыштоф Недухалдың үрмелі оркестрі. Бұл 10 музыканттан құралған топ сахнадан да, қозғалып та ойнайтын болады.

Халық билері Дубраваның Дубняна Этнографиялық Ансамблінің бишілерімен ұсынылады.Бұл Моравтық Словакияның, Кыйовске Дольняцко ауданы, әсіресе оңтүстік Кыйовско, халық әндері мен билерінің топтамасы. Ансамбль 1978 жылы ұйымдастырылған.

Ағашаяқпен жүретін акробаттар– Long Vehicle Circus

Ағашаяқпен жүретін акробаттар заманауи фольклор және ұлттық түүстермен үйлесетін арнайы тігілген костюмдермен шығады. Олар Чех Республикасының туын көтеріп, көрермендерді балалық шаққа қайтарғандай болады.

Long Vehicle Circusөз категориясының көшбасшысы. Акробаттар классикалық жүруден басқа, трюк, мысалы сальто немесе аударылып түсе алады. Бойларының ұзындығынан оларды байқамау мүмкін емес.

Стракониценің волынкашылары

Богемияның оңтүстік бөлігі волынкада ойнау дәстүрімен белгілі. Оның орталығы Страконице. Волынкашылар Чехияның Ұлттық Күні және ілеспе бағдарламасы кезінде өнерлерін көрсетеді.

Цимбал

Қазақтар – өз салт-дәстүрімен мақтанатын ұлт. Сондықтан біз де фольклорымыздың үздігін мақтанышпен көрсетуге асықпыз. Цимбал музыкасы – сізді билеуге шақыратын керемет көңіл-күй мен энергияның мәні. ЭКСПО-2017 көрмесінде біз Михаэль Стрыцектың жетекшілігінде Кыйовапод халық музыкасын орындаймыз.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017