Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Словакия

СЛОВАКИЯ - Ұлттық күннің таңғы бағдарламасы

09:30 – 10:00 VIP-кіреберісіне халықаралық қатысушы делегациясының келуі

Халықаралық қатысушы ресми делегациясы Хаттамалық қызметпен кездесіп, оны Ұлттық Күн Сахнасына дейін еріп жүреді. Қозғалыс жаяу түрінде және электромобильдер арқылы жүргізіледі.

Словакия делегациясы үшін VIP-кіреберісінде 10 тұрақ орны қажет.

Ұлттық Күн Сахнасындаоларды Словак делегациясының басшысы қарсы алады(аты-жөні анықталып жатыр):

ұйымдастырушы жақтың жоғары өкілі, ХКБ жоғары өкілі, Көрме Комиссары

және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі. (10 мин.)

10:10 Қазақстан Республикасы Ұлттық әнұранының орындалуы

Модератор – ұйымдастырушымен тағайындалады (аты?) Қазақтан Республикасы Ұлттық Әнұранының басталуы туралы хабарлайды. Әнұран кезінде сахнада ту көтеріледі.(3 мин.)

10:13 Халықаралық қатысушының Ұлттық әнұранының орындалуы

Модератор Словакияның Ұлттық Әнұранының басталуы туралы хабарлайды. Әнұран кезінде сахнада ту көтеріледі.(2 мин.)

10:15 Қазақстан Республикасының Үкіметі өкілінің немесе Ұйымдастырушының алғы сөзі– ұйымдастырушы анықтайды

Модератор сахнаға өкілді шақырады (5 мин.)

10:20 Словак делегациясы басшысының алғы сөзі (аты-жөні мен қызметі анықталып жатыр)

Модератор сахнаға делегация басшысын шақырады (5 мин.)

10:25 Жалпы суретке түсу

Делегация басшысының сөзінен кейін модератор сөз сөйлегендерге алғыс білдіріп, жалпы суретке түсуге шақырады –ЭКСПО фотографы. (5 мин.)

10:30 Ұлттық Күннің салтанатты бөлімінің аяқталуы

Модератор мәдени бағдарламаның басталуын хабарлайды – «ЛУЧНИЦА» ансамблінің өнер көрсетуі. «Лучница» словак ансамблі Словакия мен әлемнің көптеген байқауларының жеңімпазы, би, музыка және вокалдық өнерді шын сүйетін халықтың төл мәдениетінің символы.

http://www.lucnica.sk/

30 минуттың ішінде ансамбль оркестрдің жанды музыкасының сүйемелдеуімен словак халқының билерін ұсынады – ( модераторға арналған «Лучница» туралы мәтін дайындалып жатыр)

10:35 – 11:05 Мәдени-сауықтыру бағдарламасы (30 мин.) – «Лучница»

11:10 – 11:30 Ұлттық шеру – Ұлттық Күн Сахнасынан Словакия Павильонына дейін әртістерінің өнер көрсетуі (нақты ұзақтығы анықталып жатыр)

11:30 – 12:00 Словакия Павильонына Ресми бару (30 мин.)

12:10 – 12:40 Қазақстан Павильонына бару (30 мин.)

12:40 – 12:45 Қонақтар Кітабында қолтаңбақалдыру (5 мин.)

12:45 – 12:50 Қазақстан павильонында суретке түсу (5 мин.)

12:50 - 13:15 Жергілікті баспасөзбен кездесу (15-30 минут)

13:15 – Аяқталуы (уақыты белгіленбеген) – ұйымдастырушы атынан ресми түскі ас – орны? көлік?


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017