Дүйсенбіде, 2017 жылғы 10 шілдеде Италияның ұлттық павильонында ЕО-Орталық Азия Жаңа әріптестік стратегиясының шеңберінде Қоршаған орта және климаттың өзгеруі жөніндегі ЕО-Орталық Азия жұмыс тобының 6-шы кеңесі өтеді.
Оған қатысушылар қоршаған орта, климаттың өзеруі және су ресурстары саласындағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ осы салалардағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жәрдемдесу мәселелерін талқылайды. Орталық Азия елдерінің осы бағыт бойынша әлеуетті арттыруға/оқытуға негізгі қажеттіліктерінің тақырыбы белгіленеді.
Кеңеске Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан, ЕО-ға мүше мемлекеттер үкіметтерінің құрамына кіретін тиісті министрліктердің, Еуропалық комиссияның, Халықаралық қаржы институттарының, Орталық Азия өңірлік ұйымдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері, екіжақты әріптестер, сондай-ақ ҮЕҰ мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысады.
Бұдан басқа Сіздер 11:15 – 11:45 сағат аралығындағы кезеңде кеңестің төмендегі қатысушыларынан интервью ала аласыздар:
Іс-шараның басталуы 09:00.
Мекенжай: Астана қ., Мәңгілік Ел көшесі, 55
Анықтама үшін телефондар+7 7172 93-90-40, 87779823133
Электрондық адрес: mcexpo2017@gmail.com
Жұртшылықпен байланыс департаменті