Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Шілденің 10-13 аралығында «Болашақ энергиясы» форумның II кезеңі өтеді.

Шілденің 10-13 аралығында ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында «Болашақ энергиясы: «Төмен көміртекті технологиялар және қайта жаңартылатын технологиялық шешімдер» тақырыбындағы форумның IIкезеңі өтеді.

Форум барысында климаттың өзгеру салдарын еңсеру және энергияның жаңа көздері жайлы кең талқыланады. Аталмыш форумның тақырыбы ақпараттандыруға, шабыттандыруға, жаңа серпін беруге, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ, қайта жаңартылатын энергияның болашағы үшін ғаламдық платформаға айналуға бағытталған.

Форумға халықаралық ұйымдар, жетекші ғалымдар мен зерттеушілер, ҮЕҰ, инженерия мен өнеркәсіп саласындағы инноваторлар, сондай-ақ басқа да энергетикалық сектордағы мүдделі тараптар мен мамандар қатысады.  

Форумның негізгі мақсаты мен миссиясы:

  • Тұрақты энергетика және оның дамуы тақырыбына арналған халықаралық деңгейдегі диалог пен инновацияларға ықпалдасу;
  • Экологиялық таза энергия тақырыбын ілгерілету;
  • Экономика, ғылым, инженерия және технология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Экологиялық тұрақты даму және таза энергия саласындағы әлемдік тәжірибені насихаттау;
  • Инновациялық жобаларға исвестициялар тарту және жасыл экономикаға өту процесін тездету

 

Іс-шараның басталуы сағат 9:30-да

 

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Қосымша ақпарат үшін тел.: +7 (776) 144 75 97

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017