Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Гана

12 шілдеде сағат 10.00 Гана африкалық республикасының ұлттық күн мерекесі басталады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің вице-министрі Арын Берік Сақбайұлы және Гананың Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Ахенкора Кингсли қонақтар алдына алғы сөзбен шығады.

Мәдени бағдарлама аясында Гана әртістері WHEELS (ДӨҢГЕЛЕКТЕР) мюзиклін ұсынады. WHEELS (ДӨҢГЕЛЕКТЕР) қозғалыс, энергия, күш, өнеркәсіп және әл-ауқатты бейнелейді. Байлықты қамтамасыз ететін өнеркәсіп дөңгелегі үнемі қозғалыста болу үшін энергия көзі тұрақты болуы тиіс. ДӨҢГЕЛЕК өткен күннен болашаққа және ұрпақтан ұрпаққа деген қозғалысты, қоғамдық дәулетке қол жеткізетін дамуға деген құлшынысты бейнелейді. Әңгіме негізіндегі басты пікірталас бүгінде дөңгелекті қозғалыста ұстаудың әрі болашақ ұрпақтың мүддесін қорғаудың амалдары төңірегінде болмақ.

Гананың Ұлттық күні Гана Сауда және өнеркәсіп вице-министрі, Мәскеудегі Гана Елшісі – Кодзу Кпоку Алабо мырзаның, Гананың инвестицияларды ілгерілету орталығының және Гананың Еркін сауда жүргізу аймағының Кеңес өкілдерінің қатысуымен өтетін «GHANA – HAVEN OF RENEWABLE ENERGY OPPORTUNITIES» (Гана – жаңғыртылатын энергия көздерінің мүмкіндіктер мекені) бизнес-форумымен жалғасады.

Гана энергетика, сауда және туризм салаларындағы өзінің озық идеяларымен мәлім. Соның мысалы ретінде тропикалық ормандар арасында қолдан жасалған ең үлкен – Вольта көлін келтіруге болады.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017