Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сейсенбі күні, 2017 жылдың 11 шілдесінде Швейцарияның ұлттық павильонында қаржы министрі, Швейцарияның бұрынғы президенті Ули Маурер мырзаның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді

 Құрметті журналистер!

Сейсенбі күні, 2017 жылдың 11 шілдесінде Швейцарияның ұлттық павильонында қаржы министрі, Швейцарияның бұрынғы президенті Ули Маурер мырзаның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

ЭКСПО-2017 көрмесінен бөлек, шілденің 8 мен 12 аралығында Федералды Кеңесші Ури Маурер Халықаралық Қаржы мәселелері бойынша Мемлекеттік Хатшы Йорг Гассер мырза және швейцариялық министрлер делегациясымен бірге Орталық Азияның тағы екі мемлекетіне іс-сапармен баруды жоспарлап отыр. Бұл Тәжікстан мен Қырғыстан елдеріне жасалатын ресми сапар Халықаралық Валюта Қорының (және Бүкіләлемдік банк) «Гельветистан» дауыс беру елдері сайлау тобының 25 жылдығын атау аясында өткізіледі. Осы елдерде Қаржы министрлері, Орталық банктердің басшылары, үкімет өкілдері, сондай-ақ жергілікті жеке сектор және швейцариялық жеке сектормен кездесулер ұйымдастырылады. Швейцариядан басқа, «Гельветистан» сайлау тобының құрамына: Польша, Сербия, Әзірбайжан, Түрікменстан, Тәжікістан, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан (тек қана Бүкіләлемдік банкте) және 2010 жылдан бастап Қазақстан кіреді.

Шараның басталуы сағат 12:30.

Швейцарияның қаржы министрінің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихатына қатысу үшін астында көрсетілген нөмір бойынша хабарласу керек.

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін телефондар:+7 701 979 09 32

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017