Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Германия


Германияның Ұлттық күні – Мәдени бағдарлама



Cliff Barnes & the Fear Of Winning

10.07.2017, Неміс павильонының алдында, 16:00; 17:00; 18:00; 19:00
12.07.2017, Неміс павильонының алдында, 14:30; 15:30; 16:30
14., 15., 16.07.2017, Неміс павильонының алдында, 16:00; 17:00, 18:00; 19:00



Осы аптада, 12 шілдеде «Германия күні» өтіп, Cliff Barnes & The Fear Of Winning бірнеше концерт береді. Топ концерттерінің ерекшелігі музыканттар электр аспаптары үшін арнайы модификацияланған велосипедтер арқылы өздері тоқ шығаратындарында жатыр. Осылайша жұртшылық концерт немесе диджей сетіне қажетті энергия шығару үшін велосипедпен қанша жүріп өту керектігін көзбен көре алады. Әрі түнгі сауық кеші әртістер мен көрермендер тартылған қызықты интерактивті жобаға айналады. Сондай-ақ жоба Германияның экологиялық бағытын айқындап береді.


Meute

11.07.20 17, Неміс павильонының алдында, 16:00; 17:00; 18:00, 19:00



«Германия күні» салтанатты бағдарламасының қорытындысы ретінде қонақтар он бір музыканттан құрылған Meute оркестрінің сүйемелдеуімен көрме кешені аумағындағы Германия павильонына жол тартады. Гамбургтен келген оркестр танымал диджейлердің тректерін өңдеп, үрмелі аспаптар арқылы техно, хаус және дип-хаус стилінде электронды биттерді жеткізеді. Meute 2016 жылдың көктемінде Âme француз жобасының Rej әніне жасалған бейнеролигінің әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, соның арқасында танымалдылыққа ие болған.



DieLochis

11.07.2017, Амфитеатр, 18:00



11 шілдеде Астанада неміс YouTube жұлдыздары, музыкалық және комедиялық DieLochis дуэті өнер көрсетеді. 18 жастағы егіздер Хейко және Роман Лохманн YouTube арқылы 2,3 миллион көрермені бар өздерінің арнасын жүргізуде. 2013 жылдан бері осы жас орындаушылардың тректері үнемі чарт құрамына кіруде. 2015 жылы олар алғаш рет кинода жетістікке жетіп, «Bruder vom Luder» дебюттік фильмінде басты рөлдерді сомдап, режиссерлер ретінде танылған.



Munique

11.07.2017, Амфитеатр, 19:30



11 шілдеде Мюнхеннен келген Munique тобының драйв пен керемет көңіл-күй сылайтын концерті өтеді. Топ екі солистен құралған: Ванесса Экпеньонг және Томми Рива. Халықаралық деңгейде мойындалған студиялық муыканттардың репертуары алуантүрлілігімен ерекшеленіп, оның ішіне соул, R&B, фанк, рок және поп-музыка бағыттары кіреді. Бұдан бөлек, Munique тобы өздерінің әсерлі шоуларымен белгілі.



Йойа Вендт және Астанадағы PASCH балалар хор мектебі

12.07.2017, Ұлттық күн сахнасы, 15:20



12 шілденің бірінші жартысында «Германия күні» салтанатты бағдарламасы аясында Йойа Вендт джаз пианисі өнер көрсетеді. Гамбург тумасы пианинода виртуоздық ойынымен әлемдік атаққа қол жеткізіп, дүние жүзі бойынша көрермендерге лық толы залдарды жинап келеді. Ол Астанадағы PASCH балалар хор мектебімен бірге өнер көрсетеді. Бұл «Мектеп: болашақ әріптесі» жобасы әлемнің 1800 астам мектебін біріктіріп, мұнда неміс тіліне ерекше назар аударылады.




Үрмелі аспаптар оркестрі Баварлық одағының Құрама оркестрі

12.07.2017, Неміс павильонына кіреберісі, 15:30
13.07.2017, Неміс павильонының алдында, 16:00, 17:00, 18:00, 19:00



12 шілдеде «Германия күні» салтанатты бағдарламасының аяғында Германия павильонында делегация мүшелерін Үрмелі аспаптар оркестрі Баварлық одағының Құрама оркестрі қарсы алады. Келесі күні, яғни 13 шілдеде көрме кешенінің аумағында Үрмелі аспаптар оркестрі Баварлық одағының Құрама оркестрінің тағы бір концерті өтеді.



Videodays@EXPO2017

15., 16.07., Energy Best Practice Area, 16:00; 17:00, 18:00

Esther Knochenhauer

15 және 16 шілдеде Бүкіләлемдік көрмеге әлеуметтік желілер және YouTube тақырыптарына арналған Videodays фестивалі келеді. Танымал бейнеблогер әрі геймер AlexiBexi көрме келушілерін ойынға шомуға және «шайқастарға» қатысуға шақырады.

Film on Track: Max Hattler Retrospective by Visual Music Award

14.07.2017, Best Practice Area, 15:00, 16:30, 18:00, 19:30



Жұма күні, 14 шілдеде Астанадағы ЭКСПО 2017 көрмесінде неміс павильоны және Visual Music Award (VMA) Макс Хаттлердің бір сағаттық жұмыс ретроспективасын таныстырады. Макс Хаттлер дыбыс, музыка және көзге көрінерлік элементтер арасындағы бйланысты зерттеу үшін абстрактылы анимация, бейне инсталляция, аудио және бейне өніммен жұмыс істейтін әлемге әйгілі медиа-суретші. Макс Хаттлер Корольдік өнер колледжінде білім алып, Ист-Лондон университетінде көркемсурет өнері саласында докторлық дәрежесін алған. Оның жобалары әлем бойынша, соның ішінде Animamix Biennale Hong Kong, MoCA Taipei, Filmfest Dresden және Museum of Contemporary Art Zagreb секілді жерлерде ұсынылып, ол Third Culture Festival, Bradford Animation Festival және Visual Music Award сыйлықтарының иегері атанған.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017