Құрметті журналистер!
Сейсенбі күні, 2017 жылдың 11 шілдесінде, ЭКСПО-2017 Көрмесі аясында әйгілі диджей Afrojack өнер көрсетеді. Оның танымал тректері қамтылған концерт Амфитеатр сахнасында өтеді.
«Грэмми» сыйлығының бірнеше мәрте номинаты және лауреаты, нидерландық музыкалық продюсер Afrojack - ең беделді диджейлердің бірі. Ерекше стильге ие өнер иесі Lady Gaga және Madonna секілді әйгілі әлемдік жұлдыздардың әндеріне ремикстер әзірлеген.
Айта кетерлігі, Afrojack DJ Mag журналы әзірлеген Top 100 DJ’s рейтингісінің алғашқы ондығында төбе көрсеткен.
Іс-шараның басталуы сағат 21:30
Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш, 55
Анықтамалар үшін тел.:+7 7172 93-90-40, 87779823133
Электронды адрес: mcexpo2017@gmail.com
Қоғаммен байланыс департаменті