Cипаттамасы
Қатысушы елдер
Халықаралық ұйымдар
Ұлттық күн

Халықаралық павильон / Ұлттық күн / Буркина-Фасо

Бейсенбі күні, 13 шілдеде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде Буркина-Фасоның Ұлттық күні өтеді. Бұл мерекелік шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясының комитет басшысы Майнюра Мурзамадиева және Буркина-Фасо экспорт жарнамалау агенттігінің экономикалық сұрақтар бойынша кеңесшісі Исса Бенджамин Багуян қатысады.

Буркина-Фасоның Ұлттық күніне орай осы елдің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары көрсетілмек. Сонымен қатар, көрмеге қатысушылар «Бабаджанның Балафон труппасы» қойылымын тамашалай алады. Аталмыш танымал топ джембе, балафон, бендре және кора секілді түрлі дәстүрлі аспаптарда ойнайды. Шараның ресми бөлімінен кейін, шеру ұйымдастырылатын болады.

 

 

 

 

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017