Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 2017 жылдың 12 шілдесінде «Ритц-Карлтон Астана» қонақ үйінде «Қазақстан-Малайзия» бизнес форумы өтеді

Құрметті журналисттер!

2017 жылдың 12 шілдесінде «Ритц-Карлтон Астана»қонақ үйінде «Қазақстан-Малайзия» бизнес форумы өтеді. Бизнес форум жұмысына Малайзияның энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрінің орынбасары С.К.Девамани мырза, Малайзияның халықаралық сауда және өнеркәсіп вице-министрі Ахмад Хаджи Маслан мырза, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы басқармасының төрағасы Аян Еренов, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және екі елдің ірі кәсіпкерлері мен бизнесмендері қатысады.

Форумда екі ел бизнесмендері үшін Қазақстан мен Малайзияда бизнес жүргізудің жаңа мүмкіндіктері таныстырылады. Нақты мысалдар мен бизнес-кейстер негізінде бизнесмендер екі елде бизнес жүргізу ерекшеліктерін, мемлекеттік билікпен және бизнес-қауымдастықпен ықпалдастық жайлы айтатын болады.

Форум жұмысы барысында «Reach Energy Berhad» (мұнай-газ бизнесі) компаниясы мен Маңғыстау әкімшілігі арасындағы екі жақты түсіністік туралы Меморандумға қол қойылуы күтілуде.

 

 

Іс-шараның басталуы: сағат 09.55.

Өтетін орны:Астана қ., Достық к., 16.

 

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел к., 55

Анықтамалар үшін тел.: +7 705 218 36 73

Қоғаммен байланыс департаменті

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017