Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сәрсенбі күні, 2017 жылдың 12 шілдесінде сағат 15:00 ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Германияның Ұлттық күні өтеді.

Құрметті журналисттер!

Сәрсенбі күні, 2017 жылдың 12 шілдесінде сағат 15:00 ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Германияның Ұлттық күні өтеді.

Іс-шараға ЭКСПО-2017 Ұлттық компаниясың Басқарма Төрағасы Есімов Ахметжан Смағұлұлы мен Германияның Федералды президенті Франк Волтер Штайнмейер қатысады.

Германия Ұлттық күнін тойлау аясында әйгілі виртуоз пианист Йойа Вендта Астанадағы PASCH мектебінің хорымен бірлескен қойылымын ұсынады. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараға Баварлық үрмелі аспаптар музыкалық ассоциациясының өкілдері қатысады.

Германия Ұлттық күнін тойлау 16 шілдеге дейін жалғасады. Бағдарламада келесі іс-шаралар жоспарланған:

14 шілде:

Сағат 15:00-19:00 аралығында неміс павильоны мен визуалды музыка сыйлығы (ВМС) өз қонақтарының назарына неміс видеоэксперементаторы мен медиасуретшісі Макс Хаттлердің көпсағатты ретроспективалық жұмысын ұсынады. Өтетін орны: Германия павильоны.

15 және 16 шілде:

ЭКСПО-2017 алаңында әлеуметтік БАҚ пен YouTube жайлы түсінік беретін «Видео күндері» өткізіледі. Өтетін өрны: Үздік тәжірибелер аймағы.

 

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел к., 55

Анықтамалар үшін тел.:+7 7172 93-87-85, 87474411947

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017