Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 2017 жылдың 12-13 шілдесі аралығында «Жасыл көпір Серіктестік бағдарламасы» атты Халықаралық форумы өтеді

Құрметті журналистер!

2017 жылдың 12-13 шілдесі аралығында «Жасыл көпір Серіктестік бағдарламасы» атты Халықаралық форумы өтеді.

Шара барысында ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы негізінде жұмыс істейтін «Жасыл технологиялар» Халықаралық орталығы мен инвестициялық жобалар сөз етіледі. Құрылатын жаңа орталықтың «Астана» Халықаралық Қаржы орталығымен және әлемдік даму институттарымен өзара байланысы да талқыланады.

Форум қорытындысы бойынша жасыл технологиялар саласында қызмет ететін австриялық және финдық компаниялармен меморандумға қол қою жоспарланған.

Айта кетейік, форумның I сессиясы аяқталған соң, ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг пен Австриялық технологиялар орталығының жетекшісі Бригитта Бахтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

 

Өтетін орны мен уақыты: Конгресс оралығы, сағ. 10:00

 

Мекен-жайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Қосымша ақпарат үшін тел.: 8 778 456 0999, 99 94 08

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017