Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / 13 шілдеде ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Италия павильонында қазақ және италиялық жобалық пен архитектуралық компаниялары кездеседі

 Құрметті журналистер!

13 шілдеде ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Италия павильонында қазақ және италиялық жобалық пен архитектуралық компаниялары кездеседі.

 Уақыты: 9:30

Өткізілетін орны: EXPO 2017 – Италия Павильонының Конференц-залы, 3 қабат.

OICE – Италиялық жобалық, архитектуралық және консалтингтік техникалық-экономикалық компаниялар ассоциациясы Италиялық компанияларды шетелде ілгерілету және интернационалдандыру бойынша ИЧЕ агенттігімен бірлесіп, Италияның Сыртқы істер министрлігі, Астана қ. Италия Елшілігі және Италияның Экономикалық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы Астана ЭКСПО-2017 көрмесінде «Италиялық инженерия мен архитектура күні» тақырыбында бизнес-бағдарламаны ұйымдастырады.

OICE президенті Габриеле Шиколоне Инженері италиялық тәжірибені EXPO халықаралық құрылымдарында ілгерілету мен италиялық және қазақ инженерлік пен архитектуралық компаниялар арасындағы әріптестік қатынастарды нығайтумен біріктіру мүмкіндігін атап өтті.

 

 Конференция екі сессиядан құралған:

Таңғы отырысты Италия Елшісі Стефано Раваньян ашып, Италиялық компанияларды шетелде ілгерілету және интернационалдандыру бойынша ИЧЕ агенттігініңдиректоры Сальваторе Парано, OICE президенті Габриеле Шиколоне және Қазақстанның Энергетика министрлігінің Ынтымақтастық бойынша департаментінің директор орынбасары Бекберген Керей қатысып, сондай-ақ бағдарламаға Сальваторе Д'Анджелоның (Италияның Экология және Табиғатты пайдалану министрлігі) таныстыру рәсімі, Жандос Аманбаевтың (Қазақстандық инженерлік компаниялар ассоциациясының бас директоры), Филиппо Россидің (Политехникалық университеттің профессоры, Милан қ.), Франческо Вентураның (OICE қоршаған орта мен зияткерлік қалалар бойынша жұмыс тобының үлестірушісі) және Вальтер Маккидің (Лацио өңіріндегі OICE өңірлік өкілі) сөз сөйлеуі кіреді.

Франческо Вентура орыс тілінде «Зияткерлік қалалар: зияткерлік қауымдастықтарға арналған құрал» OICE кітабының үзіндісін ұсынады. Содан соң италиялық компаниялардың шағын тұсаукесерлері өтеді.

 

Вальтер Макки жұртшылық назарына еліміздің ірі қаласы Ақтауды жоспарлаудың италиялық жобасын ұсынады. Күннің екінші жартысында италиялық және қазақстандық компаниялар мен мекемелер арасында B2B кездесулер сессиясы жоспарланған.

 

Аккредиттеуден өту және сұхбат ұйымдастыру бойынша байланыс телефондары: 

Динара Омарова, БАҚ менеджері

 

Mob .: +77751396740


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017