Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Жұма күні, 14 шілдеде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында Кариб қауымдастығындағы 12 елдің Ұлттық Күні аталады

Құрметті журналистер!

Жұма күні, 14 шілдеде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында Кариб қауымдастығындағы 12 елдің Ұлттық Күні аталады.

Шараға Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Гренаданың Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және халықаралық кәсіпкерліктің министрі Николас Стил қатысады.

КАРИКОМ Ұлттық күні делегация мен қонақтардың қатысушы елдердің павильондарына дейінгі мерекелік шерумен және «Нұр Әлем» қазақстандық павильонын аралаумен жалғасады.

Күннің екінші жартысында сағат 15:00 Ұлттық күн сахнасында қонақтарға арналған мәдени бағдарлама басталады. Келушілер алдында Гренада, Белиз және Гаити әртістері өнер көрсетеді.

Естеріңізге салсақ, «Кариком» Кариб қауымдастығына 12 ел кіреді: Антигуа және Барбуда, Барбадос, Белиз, Доминика, Гренада, Гайана, Гаити, Ямайка, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Суринам, Сент-Винсент және Гренадиндер.

Шараның басталуы сағат 10:00.

 

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел: +7 775 724 38 22

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017