Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Empty title

18 шілде, сейсенбі күні ЭКСПО-2017 медиа-орталығында итальяндық фотограф пен журналист Антонио Политаноның қатысуымен пресс-конференция өтеді.

Құрметті журналистер!

         18 шілде, сейсенбі күні ЭКСПО-2017 медиа-орталығында итальяндық фотограф пен журналист Антонио Политаноның қатысуымен пресс-конференция өтеді. Кездесудің басты себебі – халықаралық мамандандырылған көрме ЭКСПО-2017 және елордамыз Астана жайлы репортаж дайындау.

         Сонымен қатар, Көрме аяқталған соң Антонио Политано Орталық Азияда орналасқан ел мен оның елордасы Астана тақырыбына Италияда фотокөрме ұйымдастырмақшы. Бұл көрме Италия халқына Астана қаласы және қазақ мәдениеті жайлы көп мәлімет әкеледі.

         Пресс-конференцияда Италия павильонының Бас Комиссары және Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньян қатысады.

         Антонио Политано Италияда ғана емес,басқа да көптеген елдерде атақты. Ол Италиядағы La Repubblica және National Geographic сияқты басылымдармен жұмыс жасайды. Сондай-ақ, Антонио Политано әрқашан өзінің фото жасаудағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Сондықтан әлемнің алуан елдерінде өзінің мастер-класстарын жиі өткізіп тұрады.

 

Іс-шараның басталуы: 14:30

Қосымша ақпарат үшін: +7 7172 93-90-40, 87779823133

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017