Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сан-Марино Республикасы – әлемдегі ең шағын және ежелгі республика.

301-де кішігірім христиандық қауымдастықты қалаған тас шабушымен негізделген. Бүгінде әулиелер құрметіне аталған. Өзінің 61 шаршы метрді құрайтын шағын аумақта орналасқан Сан-Марино тарихшылар мен қызығушылық білдірген келушілердің назарын аудартып келеді.

Антикалық кезеңнен бастау алып, 750 метр биіктікте Монте-Титано тауында орналасқан тарихи орталық жыл сайын миллиондаған келушіні баурап алып, оларды Еуропа жүрегіндегі бірегей тәуелсіз шағын мемлекеттің атмосферасына бөлейді.

Туристер мен келушілерден бөлек, Сан-Марино кәсіпкерлер мен инвесторларды тартады.

Корпоративтік басқару мен жеңілдетілген салық салуға мүмкіндік жасайтын жеңіл процедуралары және заңнамаларымен сипатталатын бизнеске арналған жайлы шарттар республикаға жаңа шетелдік инвестициялар мен өндірістен ақпараттық технологияларға дейін, сауда жүйелерінен қызмет көрсету саласындағы кәсіби қызметтерге дейінгі әртүрлі салалардағы жаңа компанияларды тартты.

Сан-Марино министрлері мен билік өкілдері ЭКСПО-Астана 2017 көрмесіне барып, 17 шілдеде сағат 11-00 италиялық павильонның конференц-залында конференция өткізеді. Оның мақсаты күллі әлем туристеріне белгілі антикалық Республиканы халықаралық бизнес қауымдастығымен қатар жүріп келе жатқан инновациялық Республика ретінде паш ету.

Конференцияның тұсаукесері келесі тақырыптарға арналады:

«Сан-Мариноға келіңіздер»

«Туризм – экономиканың тұрақты қозғалтқышы»

«Қоршаған ортаны қорғау мен өмір сапасы»

«Сан-Марино ЮНЕСКО әлемдік мұрасының мүшесі»

«Сан-Мариноға инвестиция құю»

«Сан-Маринодағы кәсіпкерлік»

«Сан-Мариноның ғылыми-техникалық паркі – Италия»

«Зияткерлік меншікті қорғау»

«Сан-Мариноның білім беру жүйесі мен университеттері»


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017