Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Сейсенбі күні, 2017 жылдың 18 шілдесінде әйгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев ЭКСПО көрмесіндегі Австрия павильонында жаңа биіктікті бағындырмақ.

Құрметті журналистер!

Сейсенбі күні, 2017 жылдың 18 шілдесінде әйгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев ЭКСПО көрмесіндегі Австрия павильонында жаңа биіктікті бағындырмақ.

Австриялық павильон нағыз ойын алаңын ұсынып отырған, шыны керек, ең ерекше павильондардың бірі. Көлемі 870 м2 құрайтын павильонның бүкіл аумағын дерлік үш қабатты үймен тең құрылым алып отыр.

Мақсұт Жұмаев өрмекші-адам секілді қолдан жасалған тауды ешбір альпинистік құрал-саймансыз бағындырмақ.

Қосымша оттегісіз, әлемнің барлық 14 «сегізмыңдықтарын» бағындырған белгілі қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев - Австрияның ескі досы. Бұл достық сонау 2003 жылы Гималай экспедициясы барысында Нангапарбат «сегізмыңдығының» басына шығу кезінде Мақсұттың австриялық альпинстпен, оттегісіз, әлемнің барлық «сегізмыңдықтарын» бағындырған тарихтағы алғашқы әйел Герлинда Кальтенбруннермен таныстықтан бастау алады. 2011 жылы «тау ханшайымы» Герлинда Кальтенбруннер, қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев және оның қазақстандық әріптесі Василий Пивцовтың бірлесіп, Эверест – К2 шыңынан кейінгі әлемнің екінші биіктігі саналатын таудың басына шығулары үш альпинист үшін де әлемнің «сегізмыңдықтарын» бағындыру бойынша жеке бағдарламаларының аяқталуын білдірген.

Алайда спорт Мақсұт Жұмаевтың Австриямен ынтымақтастығының жалғыз саласы емес. Австрияда тауға деген ерекше махаббат пен қарым-қатынас. Бұл елде 150 жылдан астам Alpenverein табиғат пен тау демалысы әуесқойларының альпілік қауымдастығы жұмыс істеп келеді. Мақсұт Жұмаев осы қауымдастықпен ынтымақтастық туралы меморандум жасасып, Қазақстанды соған ұқсас, енді дамып келе жатқан клуб құрған. 

Қазақстандық альпинистің шыңға шығуының куәгерлері болыңыздар!

Басталуы сағат 11.00

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.: +7 775 724 38 22

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017