Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Empty title

Шілденің 18-нен 19-на дейін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында болашақ энергиясын қаржыландыру тақырыбына арналған ЦАРЭС 2017 Энергетикалық Инвестициялық Форумы өтеді

Құрметті журналистер!

Шілденің 18-нен 19-на дейін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған Көрмесі аясында болашақ энергиясын қаржыландыру тақырыбына арналған ЦАРЭС 2017 Энергетикалық Инвестициялық Форумы өтеді. Бұл форумның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі және Азия даму банкі.

Шараға Азия Даму Банкінің Орталық және Батыс Азия департаментінің бас директоры Шон О’Салливан мырза, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысады.

Форумның мақсаты – Орталық Азияның жаңғыртылатын энергия көздері саласына инвестиция тарту. Шараның мақсатты аудиториясы - жоба жасаушылары, демеушілер, қаржы ұйымдары, технологиялар мен құрал-жабдықтардың жеткізушілері, инженерлік ұйымдар. Былтыр ЭИФ жаңғыртылатын энергияны дамытуды ынталандыру үшін үкіметтердің саясаты мен қабылдап отырған шараларына арналған болатын. Биылғы шара таза энергияны қаржыландыру мәселелеріне негізделеді. Талқылауға экспортты-импортты банктер, экспортты несиелік агенттіктер, жан-жақты даму банкілері мен сақтандыру компанияларының өкілдері қатысады.

Форумның басталуы сағат 09:00.

Мекенжайы: Астана қ., Мәңгілік Ел көш., 55

Анықтама үшін тел.: +7 775 724 38 22

Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017